Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жақыпова бұрынғы басшысы Әбілқасымова туралы: Кез келген тапсырманы атқара алады

Еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Мәдина Әбілқасымованың ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Жақыпова бұрынғы басшысы Әбілқасымова туралы: Кез келген тапсырманы атқара алады

«Менің бұрынғы басшым кез келген тапсырманы атқара алады. Ол – өте білікті, кәсіби адам, - дейді Жақыпова.

Сонымен қатар ол бұрынғы басшысына табыс тіледі.

«Оның ойына алғанын жасай алғанын қалаймын. Менің ойымша, еңбек министрлігіне арттыру немесе қайта қарау (жәрдемақыны арттыру – ред.) тұрғысында өз позициясын дәлелдеу жеңілірек болады», - дейді ол.

Еске сала кетсек, үкіметтің отставкасына дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Мәдина Әбілқасымова бүгін ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр