Жағдай қиын болды: Балиева 7 жасар баланы неліктен Астанаға алып кеткені туралы айтты

Балалар құқықтары бойынша уәкіл Зағипа Балиева Оңтүстік Қазақстандық бала мен оның анасына әлі де көмектесуге дайын екенін айтты. Сонымен қатар омбудсмен баланы Астанаға не үшін алып кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz.

«Бала туралы білгенде, мен ОҚО-ға қоғамшылдарды жібердім. Ол Шымкенттің түкіпірінде тұрады. Олар мән-жайды біліп, жағдайдың қиын екенін және баланың үйінің маңыда көп адам жиналғанын айтты. Баланың әжесінің сөзінен, қылмыс жасады деп күдіктелген балалардың бірінің әкесі таяуда қайтыс болғанын білген. Олар балның отбасы полицияға шағымданғаннан кейін шу шықты деп мәлімдеген. Әжесінің сөзінше, үйге үнемі бір адам кіруге тырысып, сес көрсеткен.  Сол кезде мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрадым», – дейді депутат.

Ал Балиеваның өзі баламен кездесу үшін сол күні кешке Шымкентке ұшып шыққан көрінеді.

«Мен балаға келгенде ол әжесімен және әпкесімен бірге болды. Жергілікті атқарушы билік оған психологты жеткізді. Тергеуші әжесін қаулымен таныстырып, олардың барлық сұрақтарына жауап берді. Әжесі мен әпкесі келісіп, қол қойды. Баланы күзету үшін екі офицерді тағайындадық. Содан бері оның қорғауда болуын қамтамасыз еттік», – дейді Балиева.

Балиеваның сөзінше, ол бос уақыты болмағандықтан әлеуметтік желілерде отырмайды екен.

«Мен оқымаймын. Көмекшілерім аздап айдып тұрады, бірақ маған баланың ісімен айналысуым керек. Соңғы күндері болған оқиғалар аса маңызды. Иә, маңан достарым, таныстарым, әріптестерім айтып жатыр. Білесіздер ме, мен бәрін жақсы түсінемін. Және менің тарапыма айтылып жатқан сындардың жалған екенін сіздер де түсінесіздер. Мұның бәріне төзуге тырысамын. Нақты сұрақтарға жауап беремін. Бұл  өсек-аяң, түрлі кемсітуге араласпаймын. Бәріне төземін. Баланың мүддесі менің басымдылығымда», – дейді Балиева.

Сонымен қатар балалар омбудсмені желіде 7 жасар баланың әжесі мен әпкесін мәжбүрлеп ұстап отырғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Бұған қалай жауап берерімді де білмеймін. Әжесі мен әпкесі баланы алып кеткеннен кейінгі кеште өздерін сол жерде қалдыруды өтінді. Әпкесінің айтуынша, бала 3 айлық кезінен бері өздерінің қолында болғандықтан, 1-2 күннен кейін сағынады екен. Біз қанша уақытқа қалатындарын өздері шешетінін айттық. Кеше кешке оларға туыс бауыры келді. Ол да осында екен. Олар бауырының үйіне қонаққа кетті де, таңертең қайтып келді. Мұнан кейін Шымкентке кететіндерін айтты», – дейді Зағипа Балиева.

Еске салайық, Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат қоғамда қызу пікірталас туғызды. Баланың әжесі құқық қорғау органдарына немересін жоғары сынып оқушылары зорлап келгенін айтып, арызданған. Қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз:

Бағдат Мусин Зағипа Балиеваның қол астында қалай жұмыс істегенін айтып берді

СІМ: Өзге ел азаматтарының визасыз келуіне рұқсат беруге хақымыз бар

Тілеухан 7 жасар баланың ісін жымын білдірмей жаба салайық деген пиғылдағы адамның бәрі – сыбайлас

ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісіне қатысты қызық сәйкестіктер пайда болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар