Жағасын түзеуді жарты жыл үйренген: Сал ауруына шалдыққан бойжеткен билеуді қалай үйренгенін айтып берді (фото)

21 жастағы Армангүл балалардың церебральді сал ауруына шалдыққан. Ол денесі отырған қалыпқа үйреніп кетпес үшін, арбамен емес, үнемі балдақпен жүруге тырысады. Алайда бойжеткен би билеу үшін арбаға отыруды құп көреді.

Жағасын түзеуді жарты жыл үйренген: Сал ауруына шалдыққан бойжеткен биге қалай келгенін айтып берді (фото)

Сурет: Sputnik/Сергей Ким

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алматылық бойжеткеннің мүгедектерге арналған би өнерімен айналысқанына 2 жыл болған.

«Бұл жерге 2016 жылы күз маусымының соңында келдім. Бұған дейін билеймін деген ой болған жоқ. Достарым көп болғанын, таныстар ортасын кеңейтуді қаладым. Мұнан кейін ақырындап бимен айналыса бастадым. Біраз уақыттан кейін нәтижесі де байқалды», – дейді Армангүл.

Жағасын түзеуді жарты жыл үйренген: Сал ауруына шалдыққан бойжеткен биге қалай келгенін айтып берді (фото)

Өзгелер үшін оңай көрінетін қимылдарды жасау Армангүлге оңайға соқпайды. Алайда бар күш-жігерін жиып, жаттығу кезінде көрсетілген қимылдарды жасап жүр. Мұндай өзгеріс бірден бола қоймаған. Түсіну үшін айта кетсек, ол жарты жыл бойы күнделікті жаттыққаннан кейін ғана жағасын түзеуде үйренген. Бұған дейін бойжеткен жағасын мүлдем түзей алмаған, себебі қолын иықтан жоғары көтере алмайды.

«Байқап көрейін, мүмкін қолымнан келер», – деп ойладым. Мен қайран қалдым. 20 жыл ішінде алғаш рет қолымнан келді. Бұған дейін туыстарым мен достарым жағамды түзеп беретін», – дейді бойжеткен.

Жағасын түзеуді жарты жыл үйренген: Сал ауруына шалдыққан бойжеткен биге қалай келгенін айтып берді (фото)

Десе де бойжеткеннің өткен өмірінде талай қиыншылық болып, көз жасы көп төгілген.

«Бірде әпкем мені Қытайға алып барды. Онда дәрігерлер өмір бойы мүгедек болып қалатынымды, ештеңе жасауға болмайтынын айтты. Сондықтан 2-3 жыл бойы мүлдем ештеңемен айналыспадым. Бұл жаңалықтан кейін есеңгіреп қалдым. Себебі өмір бойы әлденені өзгертуді армандадым. Бұл менің ғана емес, әкемнің де арманы», – дейді Армангүл.

Жағасын түзеуді жарты жыл үйренген: Сал ауруына шалдыққан бойжеткен биге қалай келгенін айтып берді (фото)

Ал бойжеткеннің жаттықтырушысы Дәкен Төребекованың айтуынша, ол жаттығу кезінде қатал болуға тырысады. Десе де оның көзіндегі қамқорлықты аңғару қиын емес.

Төребекованың сөзінше, өзіне сенімсіз қыздың би студиясының табалдырығын алғаш аттағаны ғажайып оқиға тәрізді. Бір қарағанда оңай көрінетін жетістікке жету үшін, олар қаншама уақыты пен күшін сарп еткен.

Жағасын түзеуді жарты жыл үйренген: Сал ауруына шалдыққан бойжеткен биге қалай келгенін айтып берді (фото)

«Армангүл алғаш келген кезде арбаға бірден отырмады. «Мен арбаның дөңгелегін айналдырып көрген емеспін», – деді ол. Ол жай ғана қарап отырды. Арбаның дөңгелегіне қолын жеткізе алмады. Мен: «Кешір мені. Қалайсың ба? Онда әрекетке көш», – дедім. Бір ғана дөңгелекке қолын жеткізу үшін қаншама уақыт жұмсадық. Шамамен бір ай бойы студияға келіп, орындықта отырып, басқаларды бақылайтын. Өзін олармен салыстырып: «Олар жасай алады, ал менің қолымнан келмейді. Менің диагнозым басқа», – деді. Алайда  мен оның диагнозы өте ауыр екенін, бірақ  қаласа, бәрі болатынын айттым», – дейді Төребекова.

Жағасын түзеуді жарты жыл үйренген: Сал ауруына шалдыққан бойжеткен биге қалай келгенін айтып берді (фото)

Жаттықтырушыға Армангүлді түсіну үшін, балалардың церебральді сал ауруы туралы көп әдебиетті оқуға тура келген. Ал оның қазір білетін дүниелерін дәрігерлер де үйренуі қажет сияқты. Жаттығу кезінде ол бойжеткеннен қолын көтеруін сұрайды. Алайда Армангүлдің қолы орта жолда тоқтап қалып, әрі қарай көтерілмейді. Осы кезде Төребекова саусақтарымен бойжеткеннің алақанының төменгі жағын ұрғылай бастайды. Нәтижесінде Армангүл қолын көтере алады.

«Мен оның миына сигнал беремін», – дейді жаттықтырушы өз әрекетін түсіндіріп.

Жағасын түзеуді жарты жыл үйренген: Сал ауруына шалдыққан бойжеткен биге қалай келгенін айтып берді (фото)

Қазіргі уақытта Армангүл өткен өмірінде көз жасын төгуіне себеп болған дүниелерді күліп еске алады.

«Мен өзін өзгертіп, толыққанды өмір сүргісі келетін, көп жаттығатын адамдардың нәтижелерін көрдім. Сондықтан түнде жаным ауыратын. Мұнымнан түк шықпайда деп ойлаған кездерім де болды. Жыладым. Алайда бәрі-бір келетінмін. Себебі мұнда бәрі мен жақсы көріп кетті. Мен де барлығын жақсы көремін. Физикалық тұрғыда дене қатты өзгереді. Бұрын бір қадам жасау үшін, алдымен құлап, қайта тұрып, мұнан кейін ғана серуендей алатынмын. Қазір еркін серуендей аламын. Мүлдем құламаймын. Мен мұнымен мақтанамын. Жаяу жүргіншілерге арналған өткелде ұзақ тұрып қалмаймын. Бұрын жолдан өтіп үлгермей қалатынмын. Әртүрлі жүргізуші болады. Кейбірі балағаттап жіберетін», – дейді Армангүл.

Жағасын түзеуді жарты жыл үйренген: Сал ауруына шалдыққан бойжеткен биге қалай келгенін айтып берді (фото)

Айта кетсек, Төребекова спорттың бұл түрі бойынша еліміздегі бас жаттықтырушылардың бірі.

Сөз соңында Армангүл өзінің басты жетістігі туралы айтты.

Жағасын түзеуді жарты жыл үйренген: Сал ауруына шалдыққан бойжеткен биге қалай келгенін айтып берді (фото)

«Менің басты жетістігім – би билеп жүргенім», – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандағы АҚШ елшісі «Қара жорға» биін биледі (видео)

БҚО-да қатты дауыл салдарынан аурухана мен мектеп ғимараттарының шатыры ұшып, бірнеше адам зардап шекті (фото)

ШҚО әкімі өзін тайлы-тұяғымен күтіп алып, бәйек болатындарға ескерту жасады

Өскемен тұрғыны көшеден шақалақтың денесі салынған пакет тауып алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар