Жадо мен Түсіпбаеваның сотында сәнгердің анасы талып қалды (фото,видео)
Бүгі Алматыда Меруерт Түсіпбаева мен дизайнер Жадоның арасындағы түсініспеушілік бойынша сот отырысы болды. Сотқа әдеттегідей әнші Меруерт Түсіпбаева келген жоқ.
Түсіпбаеваның адвокаты клиентін ауырып қалды деді. Бірақ, сотқа әншінің науқастығы бойынша анықтама қағазын көрсете алмады. Ал дизайнер Жадыра өз кезегінде қорғаушылардың сұрағына жауап беруден бас тартты. Ол сотқа өзне қатысты түрлі пікір айтып, кемсіткен әншінің келуін талап етті.
“Халық алдында менің ар – намысыма тиген адам сотқа қатысуы керек. Көзіме қарап айтсын мен жайлы. Жұрт алдында кешірім сұрамайынша қоймаймын. Мен одан ешқандай да ақша өндіруді көздеп отырғаным жоқ. Ол мені кемсіткен кезде барлық шекарадан өтіп кетті. Жеке басыма тиісті, күйеуіме, жұмысыма, халық алдындағы абыройымды ластады”,-дейді Жадоның өзі Stan.kz сайтына берген сұхбатында.
Сотқа жақында ғана жүрегіне ота жасатқан Жадыраның анасы да қатысқан болатын. Ол Түсіпбаеваның адвокаты арқылы өз сәлемдемесін айтып жіберді.
Ендігі сот отырысы дүйсенбіге қалдырылды. Ал судя залдағыларға тарауға рұқсат берісімен дизайнердің анасы есінен танып қалды. Сот кеңсесіне шақыртылған жедел жәрдем оны ауруханаға алып кетті.
Естеріңізде болса әнші Меруерт Түсіпбаева дизайнер Жадоны шошқаға теңеп, оның білімді сәнгер екеніне күмән келтірген еді.
Оқи отырыңыз:
Қайрат Нұртас Лара Фабианның әнін пианиномен орындады (видео)
Қайрат Нұртас барар жеріне тез жету үшін 500 мыңға тікұшақ жалдайды
Әкешім, сені сағындым! Айсәуленің әкесі туралы жазбасы көптің көзіне жас келтірді
Димаш Құдайберген “Дайдидау” әнімен жетінші кезеңде үшінші орын алды (фото, видео)