Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүз шақты құспен соқтығысқан жолаушылар ұшағының быт-шыты шықты (фото)

Желіде алдыңғы бөлігінің быт-шыты шыққан “Боинга-737” әуе лайнерінің суреті пайда болды.

Бұл туралы New York Post жазады.

J4341 рейсін орындау үшін Суданның Эд-Дамазин қаласынан шыққан ұшақ қатты зақымданып Хартум әуежайына әрең дегенде қонған. Ұшақтың ішінен түсірілген кейбір суреттерде қан-қан болған құстарды да байқауға болады.

Ал сыртынан түсірілген суретте құс та, қан да көрінбейді, есесіне ұшақ тұмсығынан түк қалмағаны анық байқалады. Ұшқыштың және экипаждың шеберлігі арқасында межелі жерге аман-сау жете алған.

Оқи отырыңыз:

Мексикада әдемі емес жігіттердің жиналуына байланысты сұлулық байқауы тоқтатылды

Мексикада аспаннан балық жауды (видео)

Дубайда ұшқышсыз тұңғыш әуе таксиі көкке көтерілді

БАӘ имамы: Әйелдердің ақылы кем. Оларға көлік тізгінін беруге болмайды

Талқылау