Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрсін Ерман: Балғынбек бастаған діншілдер айтыстан кетті

Ақындар айтысын ұйымдастырып жүрген Жүрсін Ерман әсіре діншілдіктің жастар санасын улап, ақындардың тілін байлайтынын айтты. Тіпті Балғынбек Имашевтың айтыстан кетуіне әсіре діншілдіктің себеп болғанын жеткізді.

новый коллаж

Бұл туралы Алматы арнасының “Өткір тіл” бағдарламасында айтылды.

Отандық бағдарламалардың бірінде журналист Жүрсін Ерманға әсіре діншілдік туралы сұрақ қойды. Тіпті, бір кездері халықтың Жүрсін мырзаны салафиттердің сапындағы адам деп айыптағанын жеткізді. Артынша осыған қатысты түсінік беруін өтінді.

“Айтыскер ақындар аспаннан түскен жоқ. Олар да осы қоғамның мүшелері. Қазақ қоғамы қандай болса, айтыскерлер де сондай. Мысалы, қазақ қоғамында дінге бет бұра бастағанына да біраз болып қалды ғой. Соның ішінде әсіредіншілдер де, өтірік дінді насихаттап жүргендер де өзінің намаз оқитынын насихаттау арқылы арзан ұпай жинап жүргендер толып жатыр. Біздің айтыскерлер арасында осылай жүргендер бар.

Дінге шырмалып қалды ма, миы айналып қалды ма? Айтыстан кетіп жатқандар да бар. Балғынбек бастаған. Оны көзімізбен көріп отырып несін жасырамыз. Мен Балғынбекті жақсы көремін. Талантты ақындардың, айтысты осы биікке көтерген саналы тұлғалардың бірі.

Бірақ оның әрекетін түсінбеймін. Әсіре діншілдік айтыстағы ақындардың тілін байлайды екен. Жастардың санасы әлсіз ғой. Солар шырматылып қалды”, – деп бүгінде айтыстың дамуына бұрыс діннің әсері мол екенін айтып өтті.

Мұнымен қатар, осыдан 5 жыл бұрын Жүрсін Ерманды халық салафизмге қатысы бар деп айыптаған-ды. Мұны өзі де жасырмайды. Сол кезде қатты таңқалып, осы ақпаратты таратқан журналиске сауал қойған екен.

“Менің салафиттігіме келетін болсақ, бұл осыдан 4-5 жыл бұрын шыққан әңгіме. Мені жаңағы интернет желісіне салып та қойыпты солардың көсемдерінің бірі деп. Соған сауал берген журналистен сұрадым “Мен қай мәзхабқа кіріп кеткен екенмін? Маған салафизм дегеннің не екенін түсіндіріңдерші. Менің одан хабарым жоқ” дедім.

Шешемнің әкесі молда болған адам. Соғысқа қатысқан, бірақ өмір бақи бес уақыт намазын үзбеген жан. Дәстүрлі Әбу-Ханифа мәзхабын ұстанған. Мен де сол сәждеге басымды қойып, ертелі-кеш намаз оқып жатпасам да, тілімді кәлимаға келтіріп, иманымды түгендеуге тырысқан қазақтың бірімін”, – деп Жүрсін мырза өзіне қатысты алып-қашпа сөзді жоққа шығарды.

Мұнымен қатар, Жүрсін Ерман аталған бағдарламада өмірлік ұстанымдарының өзгергенін айтты. Енді қалам ұстаған азаматтарды тек ісіне қарап бағаламақ.


Жіберіп алмаңыз:

Жүрсін Ерман Мұхтар Шахановтың ұстанымын сынға алды

Жүрсін Ерман: Аяғымызды аңдап басып, қазақтың жерiнiң бiр пұшпағын да сатуға болмайды

Жүрсін Ерман: Айтысқа билік тарапынан шектеу жиі қойылатын болып кетті

“Өнер қырандары” Айнұр мен Балғынбекке пародия жасап, олардың өздерін күлкіге қарық қылды (видео)

Талқылау