Астаналық полицейлер көшеде жүрегі ұстап қалған зейнеткерді құтқарып қалды

Астанада полиция қызметкерлері автобус аялдамасында жүрек талмасы ұстап қалған 65 жастағы Серікбай Боқұшевті құтқарып қалды. Жол полициясының екі қызметкері лейтенант Абзал Молдашев пен кіші лейтенант Роман Байділдин аялдамада құлап жатқан ер адамды байқаған. Олар сағат 22.00 шамасында халықаралық әуежай ауданында патрульдік тексеруде жүрген.

Полицейлер жерде есінен танып жатқан зейнеткерді көре сала жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келгенше науқастың туыстарына хабарласып, зейнеткерді қай ауруханаға апаратыны туралы хабар берген. Бұл туралы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бұл оқиға қаңтар айының соңында болғанымен, бізге қазір ғана жария болды. Себебі ауруханадан шыққан Серікбай Боқұшев өзін құтқарып қалған полицей қызметкерлерін арнайы іздеп ішкі істер департаментіне келген.

Серікбай Боқұшев өзін полицей қызметкерлері құтқарып қалғанын ести сала Астананың ішкі істер департаментіне келді. Отбасының, туыстарының, сондай-ақ өз атынан адам өмірін құтқарып қалған полицейлерге алғыс білдірді. Полиция лейтенанттарының қырағылығының арқасында бұл оқиға жақсы аяқталды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда 400 бөдене мен жиырма көгершін асырап отырған бала құс асыраудың сырын айтып берді

Алматы облысының тұрғыны: Интернат тәрбиешісі 11 жасар аурушаң ұлымның қасына жалаңаштанып төсекте жатқан

Астанада үш қызды қаққан жүргізушінің анасы: Менің ұлым “Үсенов-2” емес

Тараз соты: қайтыс болған Тәтішевтің мүлкін қалай бөлген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар