Жүрегім ауырады: Назарбаев қазақстандықтарды ата-анасын қарттар үйіне тапсырмауға шақырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды салт-дәстүрді ұмытпауға және ата-анасын тастамауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Жүрегім ауырады: Назарбаев қазақстандықтарды ата-анасын қарттар үйіне тапсырмауға шақырды

«Қарттарды күту… Біз қартаятынымыз туралы ешқашан ойламаймыз. Алайда бәрің қартаясыңдар. Бүгін жассың, және алда мыңдаған жыл бар сияқты көрінеді. Алайда өмір тез өте шығады», – дейді елбасы.

Өз сөзінде президент қазақстандықтарды ата-анасына қамқор болуға шақырды.

«Қазақтардың бабадан қалған дәстүрі – ата-анаға қамқор болу. Мен Қарттар үйіне барғанда, біздің әжелер мен ақсақалдарды көріп, жүрегім ауырады. Олардан балалары бар-жоғы туралы сұрағанда, теріс бұрылып, көзіне жас алады. Біз өз дәстүрлерімізді ұмытқанымыз ба? Өз ата-анамызды қарттар үйіне өткізіп, қалайша үйде отыра аламыз?» – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар елбасы кәсіпкерлерді аталған мәселеге көңіл аударуға шақырды.

«Батыста қарттар араласатын ешкімі болмағандықтан, өздері қабылдауды сұрайтын үйлер бар», – дейді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, бүгінде қарттар үйі мен балалар үйін бір жерден ашу туралы ұсыныстар түсіп жатқаны атап өтілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар