Жүкті әйел дүкенде қытырлақ картоптың қаптамасын ашқаны үшін сотталып кетті

Ирландия тұрғыны дүкенде қытырлақ картоп қаптамасын ашқаны үшін түрмеде 2 ай отырып шықты.

Жүкті әйел дүкенде қытырлақ картоптың қаптамасын ашқаны үшін сотталып кетті

Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 2016 жылдың 27 желтоқсанында орын алған.  Корк қаласында тұратын 25 жастағы Кэтлин Макдонахқа тәртібі үшін супермаркеткен келуге тыйым салынған. Дүкен басшылығы неліктен мұндай шараға барғаны белгісіз.

Сол кезде әйел сөреден қытырлақ картоп қаптамасын алып, өз-өзіне қызмет көрсету аумағына барған. Оны күзетші байқап қойып, оған барып, дүкеннен шығуын талап етіпті. Өз кезегінде әйел қапатаманы толықтай ашып тастаған.

«Мен оны аштым. Сондықтан оның ақшасын төлеуіме мүмкіндік беруіңіз керек», – дейді Кэтлин.

Тауардың құны шамамен 1,5 еуроны (600 теңгеден аса) құраған. Оқиға кезінде әйел жүкті болыпты.

Әйел осыған дейін 31 рет заң бұзған екен. Сот төрағасы оны өзгенің мүлкін бүлдіріп, салдарынан сатуға жарамсыз етті деп таныды. Салдарынан әйел 2 ай бойы түрмеде отырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар