Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүк көлігі әкесі барға кетіп қалған екі жасар баланы жаншып кетті

Ресейде жүк көлігінің тротуарда кетіп бара жатқан екі жасар баланы басып кетуі қоғамды дүр сілкіндірді.

41d36d012653be080d29c47256e7a17e.e7b3df8d2521429058af50ff07f8cef7

Бұл туралы НТВ хабарлайды.

Бірі жауапкершіліксіз көлік жүргізушісін жазалау керек десе, бірі баласын қараусыз қалдырып, барға кетіп қалған әкені кінәлайды. Әзірге тергеушілер жағдайды тексеріп жатыр. Ал тұрғындар болса қайғылы оқиға болған жерге ойыншықтар мен гүл әкеліп тағзым етуде.

imgs-1493116085

Кішкентай Ярославты әкесі велосиедте отырған күйінде қалдырып, өзі барға кетіпті. Айтуынша, ол небәрі минутқа жуық уақытқа ғана кеткен. Осы уақытта тротуар жаққа артқа қарай қозғалған жүк көлігінің жүргізушісі кішкентай баланы байқамаған күйі жаншып өткен. Көлік астына түскен бала жедел жәрдем келемін дегенше қайтыс болды.

“Байқаусызда адам өлтіру” бабы бойынша 25 жастағы көлік жүргізушісі 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал әлеуметтік желіде сыраға бола баласын тастаған әкені кінәлаушылардың қатары басымырақ.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында үш жігіт мінген көліктің жүксалғышынан аяқ-қолы байлаулы адам табылды (видео)

Кондуктор таяққа сүйенген егде кісіні автобусқа кіргізбей итеріп жіберді (видео)

Қазақстандық әйел: Орыс құрбыларым педофильден құтқарып қалғанда қуандым

Қазақстандық әйел аурушаң қызымен еркін қыдыра алмайтынын айтып жылады

Талқылау