Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүздеген мектеп оқушысы қара елестің өздерін өлтіруге әрекеттенгенін айтқан

Перудің Тарапото қаласында мектептердің бірінде 11-14 жас аралығындағы жүзге жуық оқушы  ұзын қара сақалды елес көргендерін, ол өздерін буындырып өлтірмекші болғанын айтқан.

20160519192907

Оқиға кезінде олар естерін жоғалтып, дірілдеп-қалшылдап қалатын болған.

Оңтүстікамерикалық журналистер Перудің солтүстігінде орын алған таңқаларлық, қорқынышты жағдай жайлы жазып жатыр. Тарапото мектептерінің бірінде сәуірдің аяғында жүздеген оқушы сабақ үстінде талып құлап, көпке дейін өз-өздеріне келе алмаған. Олар елес көрген сәтте аяқасты денелері қалшылдап естерінен танған көрінеді. Оқушылар тек бір ғана оқиғаны баяндаған: оларды қара елес өлтіруге тырысқан.

Дәрігерлер мен жергілікті билік әзірге мұның себебін түсіндіре алмай отыр.

Талқылау