Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жүргіштігімен” танылған оралдық асаба Хан: “Телеарнада айтқандарымды монтаждап, кесіп тастаған”

Жастықтың буымен екі әйелін, төрт баласын тастап кеткен оралдық Қасым Өтешов есімді азамат отандық телеарналардың біріндегі бағдарламада қателіктері үшін өкінетіндігін айтқан еді. Жасаған қателіктері үшін әйелінен, ата-анасынан кешірім сұраған ол бағдарламадан соң жағымсыз пікірлердің көбейгенін айтты. Бүгінде ол бағдарламадан кейінгі өмірінде орын алған өзгерістер мен алдағы жоспарлары туралы Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында бөлісті.

"Жүргіштігімен" танылған оралдық асаба Хан: "Телеарнада айтқандарымды монтаждап, кесіп тастаған"

Оралда “Хан” лақап атымен танымалсыз. “Хан Қасым” деп те атайды. Бұндай тым асқақ лақап ат қою идеясы қайдан келді. Қай уақыттан бері?

Ия, бұл есім жоғары естілетіні рас. Ер жеткеннен кейін әкемнің кезінде менің атымды Хан деп қойғысы келгенін білдім. Қазір халыққа Хан деген атпен танымалмын. Өтешов Қасым деген есімді Хан Қасым деген атпен ауыстырамыз. Сонда Хан лақап атым емес, шынайы есімім болмақ. Бұндай үлкен жауапкершілікті көтеріп, атыма кір тигізбеу үшін бәрін жасаймын. Бұрынғының Хандары жаугершілік заманда ел басқарса, қазіргінің Хандары бейбітшілік заманда той басқарсын деген ниет қой.

Көпке жария болса, жағымсыз пікірлердің көп болатынын білдіңіз. Сөйте тұра жасаған қателіктеріңіз үшін халық алдында кешірім сұрауға не түрткі болды?

Бұған жастықпен, мастықпен жасаған қателіктерімді басқа жігіттер жасамасын, олар мен секілді қателеспесін деген оймен бардым. Кеш болмай тұрғанда кешірім сұрап үлгерген
дұрыс. Әйелімнің ата-аналары алтын адамдар, сол кісілерден кешірім сұрағым келді. Қазір өткен өмірімде қатты қателесіп, біраз жамандық жасағанымды түсініп,
өкініп отырмын. Негізі телеарнада айтқандарымды монтаждап, кесіп тастаған.

 Сол бағдарламадан соң көпшілік адамдар сіз туралы жағымсыз пікірлер қалдырды. Бағдарламаға барғаныңызға өкініп қалған жоқсыз ба?

Өткен іске өкпе жоқ. Мен сияқты тағдырлас қаншама адамдар бар. Сол кісілер өзгерсін, жақсы өмірге ниеттенсін деген едім.
Жағымсыз пікір қалдырғандардын өздері де жағымды емес. Періштенің кейпіне кіріп алған пенделер ғой. Мені жамандап, лас пікір жазып отқандарға айтарым:
өздеріңізді дұрыстаңыздар, істің мән-жайын білмей жатып өсек айтудан аулақ болыңыздар.

Бағдарлама тілшілері сіз төлеуге міндетті алимент қарыздарын есептегенде 4,5 млн теңге болды деп мәлімдеді. Бұл қарызды қалай өтейсіз, асабалықтан түсетін
айлық табысыңыз бұған жете ме?

Иә өтеуге міндеттімін. Бас алып қашу деген ойда жоқ. Аллаға шүкір, асабалықтан тапқан табысым жетіп жатыр. Қосымша тағы басқа жақсы жаңалықтар бар.
Жақында кино саласына бет бұрмақпын. Актер ретінде бағымды сынап, киносериалға түсемін.

Бағдарламада бірінші әйеліңізбен қайта қосылдыңыз. Қазір ара қатынасыңыз қалай?

Шүкір жақсы. Жалпы, жеке өмірді көп қозғағым келмейді. Бәрі өз уақытымен болады.

Бағдарламада “анам ренжіп, тіл табыса алмай жүрмін, анамның тарапынан қолдау көрмеймін” деп назыңызды айтып қалдыңыз. Қазір анаңызбен қатынасыңыз қалай? Татуластыңыздар ма?

Анаммен қарым-қатынасым жақсы. Тіл табысып кеттік. Қазір күніне бір рет сөйлесіп, хабарласып тұрамын. Ата-анамызды тірі кезінде қадірлеген дұрыс. Әкем
болса бәрі басқаша болар ма еді деп ойлаймын.

 Бағдарлама жүргізушісі бір сөзінде: “Хабар Қасым Өтешов жайлы болады дегенде, редакцияға сізден жапа шеккенін айтып 9 қыз хабарласты” деген еді. Осы
ақпарат қаншалықты шын?

Мен Қайрат Нұртас, Төреғали Төрәлі сияқты танымал жұлдыз емеспін ғой. Әрине бұған өзімде сенбеймін, сондықтан өтірік әнгіме.

Ата-ана мың жерден жаман болсын, өз перзентінің тағдырына бей-жай қарамайды, жаман болсын демейді. Бірінші әйеліңізден 2 қызыңыз бар. Ертең осы
қыздарыңыз жапа шегіп, жігітке алданып қалмас үшін қандай тәрбие бересіз, не шара қолданасыз?

Қолымнан келгенше бәрін жасаймын. “Тәрбие тал бесіктен басталады” – демекші ол жағынан мен біраз кешіктім. Енді сәбилердің жылағанын қаламаймын. Олардың
алдағы өмірі жақсы болғанын қалаймын.

Шыны керек, сіздің жасты болса да әлі үйленбеген, қыздарға сөз айтуға қорқып жүрген әлсіз жігіттер де бар. Өзіне сенімсіз болып жүрген ер кісілерге қандай
кеңес айтасыз?

Жігіттер барлығы сіздердің қолдарыңызда. Қазақтын қыздары басқа ұлтқа тұрмысқа шығып жатыр деп қазір көп айтады. Неге? Себебі, қазақтын жігіттері сөз
айтуға, сезімін білдіруге келгенде ұялып, сенімсіздік тудырады. Сенімділік болса, кез келген қазақтын ару қызын қаратып ала алады. Өздеріңізге сеніңіздер. Қазақ
қызын басқа ұлттың жігіттері қолынан ұстап кетпесін десек, әрекет жасаңдар.

Басыңыздан өткен оқиғалардан кейін өміріңіздің тас-талқаны шықты. Өткенді ұмытып, жаңа өмір бастауға дайынсыз ба?

Ия. Адамдардын көзқарасы өзгеріп, қиын болып жатқаны рас. Бірақ бәрі уақытша. Өмір тоқтамайды, тек алға қадам жасаймын. Бәрін жаңадан бастап кеттім.
Жаман қылықтардан аулақпын. Өмірдің тек жақсы жағын көргім келеді. Алла шүкір, қолдайтын достарым, ағаларым бар.

Автор: Мәлік Жанна

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Талқылау