Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрегімді ауыртпаңыздаршы: Тамара Асар фотографты менсінбей, Мейрамбектің қолын алды дегендерге ренжіді

Таяу күндері Тамара Асар сахна үстінде басынан өткен ауыр жайтты баяндады. Әнші сахнада шалынып құлаған видеосын жариялап, өзіне көмекке келген әріптесі Мейрамбек Бесбаевқа алғысын жаудырды. Алайда бір топ желі оқырмандары әншіні адам алалағаны үшін айыптап шыққан, деп жазады Stan.kz.

Жүрегімді ауыртпаңыздаршы: Тамара Асар фотографты менсінбей, Мейрамбектің қолын алды дегендерге ренжіді

Өнер иесі құлап қалған соң, оған алғаш болып кеште қызмет көрсетіп жүрген фотограф көмек қолын ұсынған. Видеода Тамара Асар оның қолынан бас тартқандай көрінгенімен, шын мәнінде өнер иесі оған жете алмапты. Сондықтан сахнаға “ұшып шыққан” Мейрамбектің көмегін қабыл алған.

“Неге фотографқа қолын бермеді? Келді ғой жанына жүгіріп, құлап бара жатса да адам таңдай ма?”, “Фотограф қолын созып барғанда оның қолын алмады. Бұл деген енді кісілік, өліп бара жатқан жағдайда алар еді, бұл да пиар шығар”, – деген сынды пікірлер Тамараның көңіліне қаяу түсірді.

Жүрегімді ауыртпаңыздаршы: Тамара Асар фотографты менсінбей, Мейрамбектің қолын алды дегендерге ренжіді

Шыдамаған әнші көптің көңіліне күдік ұялатқан жағдайды былай деп түсіндірді:

“Менің сүйікті көрерменім, фотограф менің досым Ардақ, оның созған қолы маған жете алмады, арқалаған фотоаппаратымен сахнаға “мінемін” дегенше көзіме сафиттер жарқырап шағылысып, оң жағымнан қарғып мінген жігіттің Мейрамбек екенін сосын таныдым. Тас түскен жеріне ауыр. Жүрегімді ауыртпаңыздаршы. Мені “қайсар” деп атаған өздеріңіз, шындыққа салса, мен жаны нәзік, жүрегі жұқа, көздің жасын адам жоқ жерде төгіп алатын, “бөрі арығын білдірмес, сыртқа қарнын қампайтар”, “мені аяңыздаршы” дейтін мүсәпірліктен аулақ өсіп келе жатқан өр қазақтың қызымын”.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау