Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүкті әйел мейрамханада жеген тамақтың ішінен өлі егеуқұйрық шықты

Қытайдың Вэйфан қаласының тұрғыны Xiabu Xiabu мейрамханасында тамақтанған кезде, сорпаның ішінен өлі егеуқұйрықты тапқан. Ол бұл туралы мейрамхана қызметкерлеріне айтады. Өз кезегінде қызметкерлер әйелге аборт жасатуға ақша ұсыныпты.

Жүкті әйел мейрамханада жеген тамақтың ішінен өлі егеуқұйрық шықты

Бұл туралы Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жүкті әйел өзінің сорпасынан өлі егеуқұйрықты тауып алған. Бұл кезде ол бірнеше қасық сорпаны ішіп үлгерген екен. Ол күйеуі Мамен бірге мейрамхана қызметкеріне болған жайтты айтқанда, қызметкер біртүрлі жауап берген. Ол жүкті әйелге тағамның ішіндегі егеуқұйрықтан зардап шегуі мүмкін сәбиді алдырып тастауды ұсынған.

«Егер сіз бала үшін уайымдасаңыз, біз сізге аборт жасату үшін 20 мың юань (9 млн теңгеден аса) береміз», – деген мейрамхана қызметкері.

Қытай тұрғындары болған жайт туралы хабардар болғаннан кейін, Xiabu Xiabu Catering Management компаниясының акцияларының құны төмендей бастаған. Ол бір апта ішінде 12,5 пайызға арзандап, мейрамханалар желісінің иесі 190 миллион доллар (71 млрд теңгеден аса) жоғалтқан.

Бастапқыда мейрамхана өкілдері асханада санитарлық талаптардың бұзылғанын жоққа шығарған. Артынша олар бұл мәлімдемесінен бас тартты.

Өз кезегінде Вэйфан билігі мейрамханада тексеріс жүргізуге уәде етті.

Айта кетсек, Қытайда аталған желінің 300-ге жуық мейрамханасы бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау