Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнеткердің қалайша тірі күйінде мәйітханадан табылғаны тергеу нәтижесінде де анықталмады

Павлодарда күтпеген жерден зейнеткер мәйітханада оянған еді. Бір жыл бойы прокурорлар мен дәрігерлер зейнеткердің қалайша мәйітханаға тап болғанын тексеріп келді, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

1432799101_grechko

Сурет: www.medikforum.ru5 

Алайда, оның еш себебін анықтай алмады. Соңында жала жапты деп науқастың өзін дәрігерлер  сотқа берген.

Дәрігерлер зейнеткердің мәйітханада оянуы мүмкін еместігін, оның ол кезде әсері күшті дәрілер ішіп, диспансерде емделіп жатқанын айтады. Ал, қарт кісінің есінде мәйітханада, өлген адамдардың арасында оянғаны жақсы сақталыпты.

Ол өзінің түнде болған шытырман оқиғасын бірнеше рет қайталап айтуға дайын. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары бір жыл жүгізіліп, «Нұр Отан» партиясының жиналыс залында өтті.

«Дәл қандай бөлме екенін білмеймін. Ол жерде ақ тапшан болды. Соған мені жатқызды. Мен есім кіресілі-шығалысы күйде болғам. Есімді дұрыс білмеймін. Есімді жисам, өлген адамның денесі жатыр. Дәрігер кіргенде мен отырғам. Ол «Қараңдар, мында отыр» деді. Сол кезде дәрігер келіп, маған екпе салды. Одан арысы есімде жоқ», – дейді зейнеткер Евгений Гречко.

«Медициналық орталықтың қызметкрлері мен жұмысшыларынан жауап алып, жансақтау бөлімінің құжаттарын тексердік. Гречконың қайда екендігі туалы құжаттар патологоанатомиялық бөлімнен табылған жоқ», – дейді Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі Азат Борамбаев.

Зейнеткердің мәйітханада табылғанынан қала тұрғындары құлағдар. Дәрігерлер қарсы әрекет ретінде зейнеткердің өзін жала жапты деп сотқа берген еді. Алайда, сот кезінде күтпеген жерден дәрігерлердің айыптаудан бас тартқаны айтылған.

«Мен әкемді түрмеге отырғызуға жол бермеймін. Әкемді біреудің ренжіткенін қаламаймын», – дейді Гречконың қызы Татьяна Гречко.

Ал, сотта дәрігерлер жеңіп шыққан жағдайда, зейнеткер екі жылға бас бостанығынан айырылатын еді.

Талқылау