Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнеткер ауырып жатқан кемпірін “азаптан құтқару үшін” өлтірген

Мәскеуде 80 жастағы зейнеткер өзінің ауыр халде жатқан кемпірін өлтірді. Мұндай қадамға баруын оны азаптан құтқарғысы келгенімен түсіндірген.

Бұл туралы РИА Новости басылымы хабарлайды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 17 қазан күні болған. “Әйелдің күтушісі полицияға хабарласып, оны шалының өлтіргенін айтқан”, – дейді сұхбаттасушы.

Күтуші көп уақыттан бері Паркинсон ауруына шалдыққан кейуанаға қарайлап келген. Кейуана жүрек талмасы салдарынан сал ауруына шалдығып, төсек тартып қалған.

“Көп ұзамай Зеленоград қаласындағы пәтерлердің бірінен қарияның шалы тұтқындалды. Ол өз кінәсін толықтай мойындайды. Ол кемпірін пышақтап тастаған. Бұл әрекетін азапты өмірден шаршағанымен түсіндірген”, – дейді полиция қызметкері.

Зейнеткер екі жерінен пышақ сұққанымен қоймай, әйелін жастықпен тұншықтырған. Психиатр тізімінде болмаған, бұрын сотталмаған зейнеткердің үстінен қылмыстық іс қозғалып отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Семейде бойжеткен екі автокөліктің ортасына қысылып қалды

Семей тұрғыны өз үйінің жертөлесінен екі мәйіт тауып алды

Батыс Қазақстанда балаға қасқыр шапты

Павлодар облысында 4 және 5 жастағы екі бала өртте қалып мерт болды

Талқылау