Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетке шыққаннан кейін баруға қолайлы мемлекет анықталды

Америкалық басылым зейнет демалысына шыққаннан кейін баруға қолайлы әлем елдерінің рейтингін түзіп шығыпты. Бұл тізімде бірінші орынды Камбоджа иеленіп тұр. Ал, жалпы рейтингке 23 мемлекет қатыстырылған. 1389284159_379632-

Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

Рейтингті жасау барысында негізінен қай елдерде өмір сүру арзанырақ деген дәйекке мән беріліпті. Тізімді құрастырушылар тұрғындардың азық-түлікке, киноға, мейрамханаға, коммуналдық төлемге, спортзалға жұмсайтын күнделікті шығындарын салыстырған. Айтпақшы, бұл ретте олар зейнеткерлердің зейнетақысын доллармен алғандағы жағдаймен есептеген.

Камбоджа астанасы Пномпенеде бір айға екі жатын бөлмесі бар пәтерді жалға алу 300 долларды құрайды екен. Күрішпен берілетін түскі асты мейрамханадан ішудің орта бағасы 3-4 доллар, ал мейрамханада европа немесе америка асханасы тағамдарын ішу үшін 6-8 долар жұмсалады. Француз немесе австралия виносының дәмін тату үшін 10 доллар төлейді екен. Сыраның бір бокалы 50 центтен есептеледі.

Егер зейнеткерлер азық-түлікті супермаркеттен сатып алатын болса, бұл үшін айына шамамен 150 доллар кетіреді екен. Ал халықаралық қоңырауларға кететін 71 минутты қосқанда мобилді байланыс үшін айына 1,5 доллар төлеуге болады.

Рейтингте екінші орында Никарагуа, ал үшінші Колумбия елдері тұр.

Талқылау