Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы салымдарын мерзімінен бұрын алуға бола ма

Қазақстанда 39 мың адам зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын есеп-шоттарынан ала алады. Себебі олар ақшаны ерікті түрде салып отыр.

20161024101506

«Осы санаттағы азаматтар 50 жасқа келгенде зейнетақы салымдарын мерзімінен бұрын ала алады. Дегенмен, қазіргі зейнетақы жүйесінің негізгі мақсат-міндетін ұмытпау керек: ел азаматтары зейнетақыға шыққаннан кейін қаржы жағынан қиыншылық көрмеуі тиіс. Егер зейнетақы салымдарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі барлық адамдарға берілетін болса, олардың болашағы не болады? Осыны ойлау қажет», – деді «БЖЗҚ» АҚ аймақтық желіні дамыту департаментінің директоры Наталья Павлоская “NewTimes.kz” агенттігіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, I және II топтағы мүгедектер де зейнетақы салымдарын мерзімінен бұрын ала алады. Бұдан бөлек, зейнетақы аннуитетін алған 50 жастағы әйелдер мен 55 жастағы ер адамдарға ол ақшаны пайдалануға рұқсат бар.

Айта кетейік, қазіргі кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымдарды мерзімінен бұрын пайдалану мәселесі қаралып жатыр. Ол ақшаға емделуге, несиені жабуға және тағы басқа шығындарға жұмсауға болады деген ұсыныс бар. Алайда сарапшылардың сөзіне қарағанда, зейнетақы жинақтарын бірден жұмсап тастаса, ел азаматтары зейнетақысыз қалуы әбден мүмкін. Оған қоса, бүгінде кейбір жинақтардың көлемі несиені өтеуге де жетпейді. Сондықтан оны жұмсау экономикалық жағынан тиімсіз болып тұр. Бүгінде мамандар осының барлығын есептеп, зейнетақы жинақтарын алдын ала есеп-шоттан алу мәселесін жан-жақты зерделеніп жатыр.

Айта кетейік, БЖЗҚ-ында 10,1 млн. зейнетақы салымдары бар. Соның басым бөлігі – 9,6 млн.-ы міндетті зейнетақы салымдарының үлесінде. Қазіргі кезде қазақстандықтар салған жинақтардың жалпы соммасы 6,2 триллион теңгені құрап отыр.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да 15 жастағы қыз өзінің ағасынан балалы болды

Күлекбаев жезөкшелерді «Аллаһтан қорықпасаңдар, бәріңді жарып жіберемін» деп қорқытқан

АҚШ-та әйел сәбилі болатынын босанардан жарты сағат бұрын білген

Әкесі Төреғалиге Ерке Есмахан үшін ренішті екенін айтты

Қызды құтқармақ болып арбаға таңылған қазақ жігіті жарына алғыс айтты

Талқылау