Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы мөлшері жаңа жылдан бастап тек 9 пайызға ғана көбейетін болды

Елбасы биылғы жылғы халыққа Жолдауында зейнетақы мөлшері инфляция бағамымен екі пайызға жоғарылайды деген болатын. Алайда ЗТжМО сараптауынша: базалық зейнетақы 1 қаңтардан бастап, 7 пайызға, негізгі зейнетақы мөлшері 9 пайызға көтеріледі.

bdf12abaf4237a87e7f4ee0461ccccae_XL

Бұл туралы Stan.kz yk-news.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қаңтар айынан бастап жыл сайынғы индексация бойынша зейнетақыға ел күткендей мөлшерде үстемақы қосылмайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қаңтар айынан бастап, зейнетақы мөлшері инфляция бағамымен екі пайызға жоғарылайды деген болатынбыз. 2015 жыл инфляция көрсеткіші 12 пайызға көтерілгеніне байланысты зейнетақыны 9 пайызға көтереді.

ШҚО көші-қон және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі еңбек департаментінің мәліметінше, индексация бойынша 2015 жылдың емес, 2016 жылға болжанған көрсеткіш негізінде алынды. Қазақстандағы инфляция 6 пайыздан 8 пайызға дейін.

Егер зейнеткер 2015 жылы 40 мың теңге (негізгі зейнетақы) алып жүрсе, үстеме қосылған соң х 1,09 (9 пайызды көбейтетін болсақ) = 43 мың 600 теңге алатын болады.

Жалпы сома: Базалық және негізгі зейнетақы 43 600 теңгеге 11 965 теңгені (қосылатын негізгі зейнетақы) қосқанда 55 565 теңгені құрайды. Осылайша, 2015 жылғы 51 182 теңге көлеміндегі зейнетақы 2016 жылы 4383 теңгеге көбейтіледі.

Талқылау