Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы қорының бұрынғы басшысы ақша жымқырғанына өкінетінін айтты

Ерденаев қылмысын мойындап қана қоймай, жазасын үйқамаққа ауыстыруды сұрады. Онымен бірге тергеу абақтысында отырған қалған бесеуі де темір тордан шыққысы келеді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Сурет: 365info

Айта кетсек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынғы басшысы Руслан Ерденаев пен оның сыбайластарына мемлекетке 5 миллиард теңге шығын келтірген деген айып тағылған. Барлығы 10 айдан бері уақытша қамау абақтысында жатыр.

Әзірге ешқандай үкім де, шешім де шыққан жоқ. Қылмыстың дәрежесі аса ауыр болғандықтан, мұндайда тек алдын ала тыңдау өтеді. Сондықтан, бүгін тек сотқа өтініштер айтылды. Біреуі жасаған әрекетінде қылмыс құрамының аз екенін айтса, бірі тергеуге барынша қолғабыс еткенін, ал тағы бірі әдеттегідей денсаулық жағдайын алға тартып жатыр. Білдей мекемені аман-сау басқарып келсе де қамауға түскеннен кейін ауру-сырқау боп шыға келген.

Адвокат оқыған дәрігерлік анықтамада «Бузгул Аурум» серіктестігінің директоры Азат Найзағариннің 12 мүшесінің сау жері аз екен. Ал басты айыпталушы Руслан Ерденаев өз қылмысын мойындап қана қоймай, өзі ынта білдіріп, тергеушілерге қылмыстың жай-жапсарын анықтауға көмектескен. Ол осылай тергеуге көмектесіп, жеңілірек жаза алудан үмітті сияқты. Айта кетсек, Руслан Ерденаев мемлекетке 5 миллиард шығын келтіргені және пара алғаны үшін айыпталып отыр.

Бұл істе Руслан Ерденаевтан басқа тағы бес адам бар. Барлығы да адвокаттарын жалдап алып, өздері айыпталушы орындығында отыр. Тек тілшілердің еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік болмады. Судья фотоға немесе бейнетаспаға түсіруге тыйым салды.

Сондықтан оларды тура сот залында түсіре алмадық. Айыпталушылар орындығында Руслан Серікұлынан бөлек, 5 миллиардты мақсатсыз жұмсады делініп жатқан тағы бес адам отыр. Олар: Ерденаевтың орынбасары болған Дабыр Медетбеков, қордың қаржы тәуекелділігі басқармасының бастығы Мұса Бахытов,

«Бозгул Аурум» серіктестігінің құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаев пен осы компанияның директоры Азат Найзағарин және қор мен компания бысшыларының ортақ танысы Талғас Тұртаев бар. Осыдан тура бір жыл бұрын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан қор биржасында «Бозгул Аурум» компаниясының 500 мың облигациясын сатып алған. Оған 5 миллиард теңге жұмсалыпты. Негізі қордың тәуекелділікті зерттеу департаментінің тұжырым жасап, бұл инвестициядан аулақ болу қажеттігін ескерткен екен. Бірақ, оған қарамастан сауда жасалған. Ал мұның бәрінің басында Руслан Ерденаев тұр дейді тергеушілер.

Ол сонымен қатар, осы қызметі үшін пара алды деп те айыпталып жатыр. Біз сот барысын алдағы уақытта қадағалап отыратын боламыз. Келесі сот отырысы 15 қарашаға белгіленген.


Жіберіп алмаңыз:

Кеденшілердің шетінен байып жатқанын айтқан депутаттың сөзі Мәжілісте дауға ұласты

Алматыда жас жігіттер 7 мың теңге үшін соққыға жыққан зейнеткер қайтыс болды

Семейде жантүршігерлік жол апатынан 3 адам мерт болды

Маңғыстау облысының тұрғыны сыра сатпаған қыздың бетіне қайнап тұрған май шашып жіберген

Талқылау