Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы қорының 45 млрд теңгесін экспортты қаржыландыруға бөлу қарастырылуда

Зейнетақы қоры қаражатының бір бөлігін экспорттық қаржыландыру саласына бағыттау көзделуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайынов мәлім етті.

phpnS071X_53be096ef7c07942c8543ebd

Фото: uralsk.info 

“Экспортқа дейінгі және экспорттық қаржыландыруды қолдау үшін Ұлттық қордан 15 млрд. теңге қарастырылған. Қосымша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 30 млрд. теңге көлеміндегі қаражаты тағы бар, екеуін қосқанда 45 млрд. теңге экспортты қолдауға бөлу қарастырылуда. 1 қарашаға дейін осы қаражатты игеру жоспарланып отыр”, – деді министрдің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, осы бағытта төрт жоба бекітілген.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандықтарға зейнетақы қорын тарату керек пе?

Ұлттық банк зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат етуі мүмкін

Банк пен зейнетақы қорының атын жамылған алаяқтар пайда болды

Талқылау