Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы қорындағы миллиардтар тағы шетел асып жатыр

Жұрттың кәрілікке деп жиған қаржысы шетел асып жатыр! Зейнетақы қоры миллардтарды өзге елдерге инвестиция ретінде құюын жалғастыруда,-деп жазды КТК арнасы.

зейнет

Тек бір айда 83 миллиард теңге айналымға шығарылған. Инвестицияның қыруар табыс әкелетініне қор басшылығы бұл жолы бек сенімді.

Бірақ, Әзірбайжан банкіндегі жағдайдан кейін жұрттың сеніміне селкеу түскені аян. Оның үстіне, жыл басында талан-таражға түскен 5 млрд-тың жайы да нақтыланар емес. Тергеудің аяқталмауына байланысты, сол басшыларды абақтыда ұстау мерзімі тағы ұзартылып отыр.

83 миллиард теңге! Бұл тек мамырда шетел асқан зейнетақы активтерінің құны. АҚШ ақшасына шаққанда 265 миллион доллар өзге елдің қаржы ұйымдарына инвестиция ретінде құйылған.

Осылайша, қазір жалпы соммасы 316 миллиард теңге шетелде айналыста жүр. Шетелдегі активтерге құйылған әр тиынға, Әзірбайжан банкіндегі жағдайдан кейін барлығы алаңдайды. Тек, зейнетақы қорындағылар өздеріне сенімді.

«Қор қаржысы құйылған шетелдік банктер – несиелік рейтингі жоғары ұйымдар. Сондықтан, оларға шүбәсіз сенуге болады»,- дейді «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева.

Қазір салымшыларды бұлай құр сөзбен сендіру қиын. Өйткені, Әзірбайжан банкіне құйылып, қайтарылмай қалған 71 миллиард теңгеден бөлек, тағы 45 миллиардтың тағдыры қыл үстінде тұр екен. Бұл қордың проблемалық активтері.

« 45 миллиард проблемалық активтер жеке зейнетақы қорларынан мұра ретінде қалған. Біз қазір сол 21 эмитентпен жұмыс істеп жатырмыз. Олар қарыздарын уақытылы төлеп келеді. Жыл басынан бері 80 миллион теңге қайтарылды. Жоспар бойынша, 2021 жылға дейін қарыз толық өтеледі»,-дейді «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева.

Биылғы инвестициялық табыс та мардымсыз. Оған инфляция деңгейі кері әсер етіпті. Дегенмен, қордың жағымды жаңалықтары да жоқ емес. Бүгін олар жинақтың 7 триллион теңгеден асқанын мақтанышпен жеткізді.

Жыл басында қордағы тағы 5 миллиард теңгенің мақсатсыз жұмсалғаны анықталған болатын. Бүгін сол халықтың ақшасын жөн-жосықсыз жұмсағандарды қамау мерзімі ұзартылды. Өйткені, «Бузгул-Аурум» компаниясының құнды қағаздарын сатып аламыз деп, басы бәлеге қалған қор басшысы Руслан Ерденаев пен оның сыбайластарына қатысты тергеу әлі аяқталар емес.

Соңғы кездері басынан дау арылмаған зейнетақы қоры азаматтармен қарым-қатынасын жақсартуға барынша тырысуда. Ол үшін жуырда ашық есік күнін өткізбек. Айтпақшы, қазір мекеме онлайн қызмет көрсетуді дамытып жатыр. Енді шот ашу, зейнетақы төлемдерін тағайындау сияқты жұмыстарды электронды түрде жүзеге асыруға болады.

Оқи отырыңыз:

Оқушы қыз бұрынғы жігітімен жүре бастаған қызға химиялық қышқыл құйып жіберді

Трамптың шешімімен биыл Ақ үйде Ораза айтқа орай қонақасы берілмейді

Британдық газет Астананы Сингапурге теңеп жазды

Түркияда мектеп оқулықтарынан Дарвиннің эволюция теориясын алып тастады

Талқылау