Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың зейнетақы қорына ойын-сауық сауда орталығын салмақ

Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы қаржысына  кәсіпорындар мен ЭКСПО көрмесі өтетін алаңға үлкен ойын-сауық орталығы ашылмақшы. Кәсіпорындар сұйық май мен кір сабын жасап шығарумен айналысады екен. Қазірге зейнетақы қорынан ақша алғысы келетін төрт жоба мақұлданған. Жақын уақытта олардың есебіне  тоғыз миллиард теңге аударылады. Бұдан бөлек тағы он кәсіпкер  Министрлер алдында  инвестициялық жобаларын қорғап болған. Олар да тиісінше қаржының аударылуын күтіп отыр, деп жазды КТК арнасы.

дүкен

Қордағы қаржының Қазақстан экономикасын көтеруге жұмсалатынын жыл басында президенттің өзі айтқан еді. Енді Үкімет өздері сенім артқан компаниялардың атын атады.

«Ұлттық қордан 15 миллиард теңге «Нұрлы жол» бағдарламасын жандандыру  экспортты несиелендіру мақсатында БЖЗҚ-дан алынады. Бұл қаржы  өз өнімімізді экспорттауды қолдауға жұмсалмақшы»,-деді  ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.

Жалпы Ұлттық қор мен зейнетақы қорынан 1 қарашаға дейін 45 миллиард теңге бөлінбек. Бұдан бөлек, қыруар қаржы тұрғын үй салу үшін қарастырылған. Оның көлемі 251 миллиард теңгеге жуықтайды. Жұрттың жылдар бойы жинақтаған теңгелері «Нұрлы жол» бағдарламасы, яғни,жол мен көпір салуға да жұмсалмақ. Сөйтіп Үкімет шотта бос жатқан миллиардттарды пайдаланып, экономиканың  өсімін арттырмақ.

 

Талқылау