Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы қорынан банктерге 300 млрд теңге беріледі

Парламент мәжілісінің кулуарлы отырысында Қаржы министрі Әлихан Смаилов екінші дәрежелі банктерге ақшаны қайдан алатынын айтты.

“Менде министр ретінде Ұлттық банктің қаражат жартысын БЖЗҚ-нан алатыны туралы ақпарат бар. Жартысы Ұлттық банктің өзінен беріледі. Қаражат екінші деңгейлі банктерге коммерциялық және нарықтық бағаммен беріледі”, – деді ол.

Айтуынша, қаражат экономиканың басымдық жобаларына құйылады, деп жазды Zakon.kz.

“Біз қазір экономикамыздың басымдықтары болып табылатын салалар мен жобаларды нақты мақсатқа сай пайдалануды бақылау механизмін құру қажет”, – дейді ол.

Ал, қордағы жинақ ақша БЖЗҚ активтері өсуі үшін инвестицияланып, кіріс әкелуі керек.

“Осы себепті ақшаны инвестициялау керек. Дәл қазір өз экономикамызға нарықтық мөлшерлемемен құю жайлы сөз болып отыр. Бұл қалыпты жағдай. Әлем елдерінде де осылай болды”, – дейді министр.

Министр сөз соңында Ұлттық банктің алдағы уақытта банкке қатысты сомасы, лимит пен критериялары жөнінді талаптарын айқындауы керек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау