Зейнетақы қоры төңірегіндегі атышулы істің куәгерлеріне қысым көрсетілген

Сәрсенбі, 22 Қараша , 2017 22:47

Зейнетақы қоры төңірегіндегі атышулы істің куәгерлеріне қысым көрсетілген. Тергеушілердің бұл әрекеті туралы бүгін соттың кезекті отырысында айтылды. Яғни, куәгерлердің бірі жауап беру кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерінің сөзін айтып берген, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал, өзінің көзбен көргенін жариялауға тыйым салыныпты. Сөйтіп, ол еркінен тыс Зейнетақы қоры төрағасының бұрынғы орынбасары Дабыр Медетбековке жала жапқан көрінеді.

Яғни, «Бозгул аурумның» облигацияларын сатып алу туралы бұйрықты сол берді деп айтуға тура келіпті. Енді келесі сот отырысына куәгерге қысым көрсеткен тергеуші шақырылды. Бүгін қордың экс-бас бухгалтері де көрген-білгенін судьяға айтып берді. Ал, мемлекеттік айыптаушылар атышулы келісімге қордың басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары жетекшілік еткенін мәлімдеді. Айта кетсек, 5 миллиардты жеді деп айыпталып жатқандар қатарында Руслан Ерденаев пен орынбасары болған Дабыр Медетбековтен бөлек, 4 адам бар. Олар: қордың қаржы тәуекелділігі басқармасының бастығы Мұса Бахтов, «Бозгул Аурум» серіктестігінің құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаев пен осы компанияның директоры Азат Найзағарин және қор мен компания басшыларының ортақ танысы Талғас Тұртаев бар.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік келіншек қос ұлы сал болып туған соң, отбасын тастап кеткен

Оңтүстіктегі мұнай ұрлығына лауазымды шенеуніктердің қатысы болуы мүмкін

Полиция Тұрсынғали Алагөзовтен жауап алды

Астанада латын әліпбиін үйрететін орталыққа оқушылардан бастап зейнеткерлерге дейін келіп жатыр

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар