Зейнеп Ахметова “Шаншар” театрын қатаң сынады

Сейсенбі, 1 Наурыз , 2016 14:57

Атақты Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Шаншар» әзіл-сықақ театрының басшыларын қатаң сынады.

Zejnep-Ahmetova

Бұл туралы Baistars.kz хабарлады.

Зейнеп Ахметова, ең алдымен, әзіл-сықақ театры мен кинолардағы әйел рөлін сомдайтын актерлерді сынады. «Айта-айта шаршадым, бірақ тағы айтамын» деп бастады сөзін тәлімгер-жазушы. «Теледидарды қосып қалсам «Шаншардың» көрінісі болып жатыр. Бір кемпір сөйлеп жатыр, ол кемпір емес, жігіт екен. Байқайсыздар ма, біздің қазақтың жігіттері қатын болуға әуес болып алды? Іштерінде бірдеңе түртіп тұрады. Солардың бір бәлесі бар. Әйтпесе дардай ер азамат неменеге сонша әйел болуға тырысады? Басына орамал салып, үстіне көйлек киіп… Әйелдердің рөлін сомдайтын әйелдер, келіншектер құрып қалды ма? Үп-үлкен ер-азаматтар әйел болуға құмар болады да тұрады. Ырбыңдайды да тұрады. Соны керемет келістіріп те жатқан жоқ», — деп тәлімгер-жазушы мұның барлығының қоғамға кері әсерін тигізіп жатқанын тілге тиек етті.

Содан кейін «Шаншар» театры қойған бір көрініс қазаққа жат екенін айтты. «Бір шалдың үш келіні сахнаға атып шығады. Бір келін қайын атасын мойнына мінгізіп алған. Екі келіні қасында үшеуі шауып келе жатыр. Сөйтсе шалдың туған күні екен, соған сюрприз жасағандары. О заманда, бұ заман, келіннің мойнына мінген қазақтың шалын көрдіңдер ме? Оқымаған, сұмырай шалды көрдіңіздер ме? Жоқ! Сұмырай шалдың өзі келіннің мойнына отырмайды. Қазақтың келіні қайын атасының кебісіне аяқ сұқпаған, ененің төсегіне отырмаған. Ата-ененің алдынан кесіп өтпеген», — деп ашынды.

Зейнеп Ахметова бұдан соң театрдың басшыларын қатаң сынға алды. «Соны көрген кішкентай қыздар қалай қабылдайды? Дүниенің бәрін білетін Уәлибек Әбдірайымов соған келгенде неге білмей қалды? Немесе Жүсіп, сақалы аузына түскен еркек, немере сүйіп отырған. Солар неге айтпайды? Мынау біздің салтымызға оғаш нәрсе деп. Мынау қазаққа қиянат болады, басқаша күлдірейік. Ит болып үрейік, шошқа болып қорсылдайық, бірақ мынаны істемейік деуге болады ғой. Намыс жоқ! Намысымызды жоғалтып барамыз. Намыс жоқ жерде ұлттық қасиеттеріміз де жоғалады!» — деді Ахметова.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Anonymous says:

    Зейнеп апай, Сізге үлкен рахмет! Жастарға тәлім-тәрбие беретін үлкендеріміз сиреп кетіп, дәстүрден жұрдай болып барамыз. Өте өкінішті!

  • Жұмбақ жан says:

    Зейнеп апа өте орынды айтқан.

    • Жұмбақ жан says:

      Өте орынды айтылған жігіттер сахнада әйел образын сомдауға құдды қызтекелер секілді Әзілдегілері келсе жоғарыда елбасыдан бастап төменгі деңгейдегі қызметкерлердің мінін тауып халықты күлкіге кенелтіп риза қылсын Бір есептен сынның пайдасы мол ал біздің сахна саңлақтары жалтақ билік басындағыларды сомдап қойсақ нанымыздан айырыламыз деп қорқақтайды

  • Жұмбақ жан says:

    Зейнеп апай,рахмет сіздің асыл сөздеріңізге! Тек естір құлақ осыдан нәтиже шығарса ғой….

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар