Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол талғамайтын көлікке жалған номер қойып жүргізген әкімді сот кінәсіз деп тапты

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімі Асқар Мұратұлы сотта өзін ақтап, көлік жүргізу куәлігін қайтарып алды. Есте болса бұл шенеунік жол талғамайтын қымбат көлікке жалған мемлекеттік номер қойғаны үшін жауапқа тартылған еді.

акиммммм

Бұлтуралы STAN.KZЭкспресс-К” басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ақпан айында Зеренді ауданының жол полицейлері Toyota Land Cruiser 200 көлігін тоқтатқан еді. Көлікті Зеренді ауданының әкімі Асқар Мұрат ұлы басқарып отырған. Оған айыппұл салған себебі де сол,әкім көлікке тиесілі құжатты көрсете алмаған еді. Кейіннен джип көлігінің номері облыстық тері диспансеріне тіркелген екені,күзде ол тіркеуден шығарылғаны анықталған.

Тергеушілер шиеленіскен істі сотқа жібергенненкейін құзырлы орган әкімді көлік жүргізу куәлігінен айырған еді.  Бұл іске мемлекеттік қызметкерлер ісі бойынша агенттік те дұрыс шешім қабылдаған еді. Артынша облыстық сот ол құжатты жоққа шығарды.

Асқар Мұратұлы сот үкіміне кассациялық сотқа қайта шағым түсірді. Оның қорғаушылары көлікті әкімнің ағасы жүргізген еді деген анықтама берген. Көлікке әкімнің ағасы жолдан тауып алған номерді қоя салған деп түсіндіреді. Шенеунік еш күдіктенбеген. Осындай себептер айтылғаннан кейін әкімге көлік жүргізу куәлігі қайтарылған. Осыдан кейін оның ағасы да ешқандай жауапқа тартылмады.

«Сот процесстері жүріп жатқан кезде менің ағамды әкімшілік жауапкершілікке тарту уақыты өтіп кеткен»,- деп түсіндірген Асқар Мұратұлы,

Әкімның сөзінше осы іс үшін басында ағасына ұрысқан,кейіннен кешіріпті.

Талқылау