Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Земфира: Орыстар – еріншек халық

Земфира өзінің не үшін ағылшын музыканттарымен жұмыс істей бастағанын айтты

zema-6

Земфира «Познер» бағдарламасына келіп, өзін мүлде жаа қырынан көрсетті. Оның айтуынша, он жылдан кейін, 45 жасқа келгенде концерт берем деп айта алмайды. Ол бала кезінен өзін жұлдызбын деп атаған. «Мен жұлдызбын» деген кезде бала кезімнен басқа құрдастарыма қарағанда қабілеттірек болғанымды айтатынмын», – деген Земфира өзінің рок-әншісі болғанды ұнататынын айтты.

 «Мен рокты жақсы көремін: жанды дауыспен айтылған, сезімге толы, ырғақты әндерді ұнатамын,- деді ол. – Ішімде бір қарсылықты сеземін. Бірақ мен жолы болған, бақуатты адаммын. Бірақ мен конформист емеспін. Тәуелсізбін және тәуелсіздігім үшін күресемін. Ішінде қарсылығы бар адам Bentley мінбеуі керек деген дұрыс емес. Менің  бентлиім жоқ, көлігім одан гөрі нашарлау, алайда, барлығымен келісе бермеймін. Бұл екеуі бір біріне жат емес», – дейді әнші.   Ол ән мәтіндерін өзі жазады, бірақ өзін ақынмын деп есептемейді, тіпті өз шығармашылығын өнер деп айта алмайды екен. «Тым болмаса мамандығыма деген адалдығым бар», – деп атап өтті Земфира.

 Әнші қыз өте саяқ жүреді және мұны жасырмайды да. “Мен тіпті көшеге де сирек шығамын, үйкүшіктеу адаммын. Көпшілік жиналған ортаны ұната бермеймін. Концертке барғаным да жетеді. Тіпті концерттердің өзінде адамдардан шеткерірек тұрғанды ұнатамын.  Жылтыңдап шыға бергенді ұнатпаймын. Менің дилеммам сол – оңашалықты ұнатқаныммен, сахнадамын. Бұл менің өз ішімдегі қақтығысым. Залда адам жоқ кездерде ұзақ-ұзақ ән салып, дайындалатын кездерім болады. Соны ұнатамын. Соған қарамастан залды, халықты жақсы көремін. бірақ халық жоқ болса да сахнада ән салғаннан рахат аламын», – дейді Земфира.

Әнші қызды жұрттың өзі туралы пікірі де қызықтырады.  “Өзім туралы айтылғанның барлығын білгім келмейді, бірақ қарап отырамын. Белсенді интернет қолданушсымын. Таңертең спорт сайттарынан бастап қараймын. «Новая газетаны» оқимын. Соңғы жылы саясат қызықтыра бастады. Қазіргі кезде кімдермен күресіп жүргенімізді білуім керек деп есептеймін. Әлеуметтік желідегі пікірлерді көріп отырамын. Бұл жағынан мен өте әсерщіл адаммын, біреудің пікірінен көңілім жабығып қалса, екінші бір  әріптестің сөзі кәдімгідей желпінтіп тастайды”.

Ал отандастары туралы Земфира өте жақсы пікірде емес. Әншінің айтуынша ресей мен америка эстарадасының арасы жер мен көктей.  “Неге осынша артта қалып бара жатқанымызды түсінбеймін. Соңғы аптада ағылшын жігіттерімен жұмыс істеп жатырмын. Бірінші рет осы қадамға барып отырмын. Барлығы керемет жігіттер! Мен он екіде келемін, ал олар онда сол жерде болады. Мен алтыда кетемін, ал олар менен кейін екі сағаттан соң кетеді. Апта бойы солай. Ресейлік музыканттармен жұмыс істеген кезімде ең шыдамдысы мен шығармын деп ойлайтынмын.  Сөйтсем ағылшындар тіпті қайсар екен. «Орыстар жалқау» деген сөздің жаны бар сияқты. Олар ағылшындар жұмыс істегендей істемейді» – деді Земфира.

Талқылау