Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Здравствуй, столица» патриоттық хитының авторы 20 тәулікке қамалды

Әнші әрі компазитор Серік Мұсалимов автокөлікті мас күйінде тізгіндегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ұсталды. Музыкантты жол полициясы түнде тоқтатқан. Олар Серік Мұсалиовтың мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз көлік айдағанын анықтаған.

вава

Оқиға қаңтар айының аяғында болған. Ал мән-жай бүгін ғана жария етілді. Полицейлердің істі неліктен құпия ұстағаны белгісіз.

“Mercedes-Benz автокөлігін мас күйінде және жүргізу куәлігінсіз айдаған азамат Серік Мұсалимовке қатысты іс қаралды. Тәртіп бұзғаны үшін Мұсалимовке әкімшілік кодекстің 608 бабы бойынша айып тағылып, 20 тәулікке әкімшілік тұтқынға алынды”, – деп хабарлады Павлодар қалалық әкімшілік сотының баспасөз хатшысы Ербол Жұмажан.

Белгілі павлодарлық музыкант өзінің кінәсін толық мойындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Ал бірнеше күннен кейін оның қалада ауқымды шығармашылық кеші өтуі тиіс.

Айта кетейік, әртіс жүргізу құқығынан айырылған жоқ. Тек белгілі бір мерзімге ғана тоқтатылған.

 

Талқылау