Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зайсан көлі туралы танымдық деректер

Stan.kz Зайсан көлі туралы сіз білмеуіңіз мүмкін қызықты деректер ұсынады.

Зайсан көлі туралы танымдық деректер

  1. Ғалымдардың болжамы бойынша Зайсан көлі осыдан 60 млн жыл бұрын Бор дәуірінде, тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде пайда болған. Сондықтан, жағалауы жайпақ Зайсан көлі тектоникалық бөген көлдер типіне жатады.
  2. Көлдің Зайсан аталуына байланысты бірнеше нұсқа кездеседі. Бірі моңғол тілінде «сайхан» керемет, әдемі деген болса, енді бірі ойрат тілінде «запасун» балық деген мағынаны білдіреді. 1650 жылы қалмақтар көлге Жайсаң деген атау берген. Сонда аштыққа ұшыраған қалмақтар көлдің тайдай тулаған балығын жеп аман қалған екен. Содан олар өмірлерін сақтап қалған көлге «игі», «игілік», «мейірман» деген атау берген. Бұл «Жайсаң» сөзінің қазақша мағынасы.
  3. Зайсан көлі көптеген балықтар мекен ететін үлкен тұщы көл. Оның ұзындығы шамамен 100, ені – 30 шақырым, ал аумағы 1800 шаршы километр, тереңдігі – 8 метр. Мұнда 23 тен астам балықтың түрі бар, соның ішінде ең бағалысы –таймень. Олардың 17-сі кәсіптік болып табылады. Және солардың ішінде ақбалық, шортан, нәлім, мөңке, алабұға, ақтабан.
  4. Аспанда жұлдыздар пайда болғанда Зайсан көлінен сымдардың шуылына ұқсайтын әуенді қоңырау үні естіледі. Ал Зайсан осы ерекшелігінің арқасында «Қоңырау сыңғыры» деген екінші атауға ие болды.
  5. Зайсан ауданының табиғаты адам қызметінің салдарынан айтарлықтай өзгерді. Себебі, осыдан 100 жыл бұрын бұл ауданда екі өркешті жабайы түйелер, Пржевальский жылқылары, құландар, қарақұйрық, ақбөкендер, мыңдаған дуадақтар мен жолбарыстар мекендеген болатын. Ал қазір бұл жерден дуадақ пен басқа да сирек жануарларды кездестіруге болады.
  6. Зайсан – ең таза көлдердің бірі болып есептеледі. Себебі, көлге қар мен жаңбыр суының әсерінен пайда болған тау өзендері келіп құйылады. Көлдің төменгі бөлігінің көбі тау беткейлерінен көлге ағып түсетін өзендердің қалың қабатымен жабылған.
  7. Зайсанның жағалауы төмен, тығыз қамысқа толы. Көптеген жерлерде биік мүйістер бар, мұнда жағалау толығымен жалаңаш.
  8. Зайсан су айдыны 1960 жылы құрылған Бұқтырма су қоймасының көп бөлігін құрайды. Сондай-ақ, Зайсанның шығысынан 60 шақырым қашықтықта Қытай шекарасы өтеді.
  9. Ұлы Отан соғысына дейін және соғыс кезінде Зайсан жағалауының тұрғындары ошақ пен пештерін кептірілген ақтабан секілді «құнсыз балықтармен» жаққан. Себебі, бұл даладан отын таба алмайсың.
  10. Көлдің су әлі күнге дейін сапалығымен ерекшеленеді. Бұл артықшылығы оның жағалауына көптеген туристердің қызығуына себеп болды. Туристер Зайсан көліне жазда, су 22 ° С-қа дейін қызған кезде келеді. Ал қарашадан сәуір айына дейін көлдің бетін мұз басады.
  1.  
Талқылау