Зәулім ғимаратты шарға толтырған Димаштың қытайлық фанаттары әлем жұртшылығын таңдай қақтырды (видео)

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген I’m a Singer жобасынан кейін Қытайда үлкен танымалдыққа ие болған еді. Бүгінде аспан асты елінде Димаштың өнерін бағалап, әндерін сүйіп тыңдайтын фанаттары жетерлік. Өз кезегінде сүйікті әншісін таңғалдырғысы келген олар ерекше тосынсый жасаған, деп жазады Stan.kz.

Зәулім ғимаратты шарға толтырған Димаштың қытайлық фанаттары әлем жұртшылығын таңдай қақтырды (видео)

Желіде Димашқа қытайлық жанкүйерлері жасаған ерекше тосынсыйдың видеосы пайда болды.

Әншінің фанаттары аспанмен таласқан зәулім үйді көп шармен толтырып тастаған. Біраз уақыттан кейін шарлап жан-жаққа ұшып, ғимараттың сыртында Димаштың суреті пайда болады.

Сондай-ақ, осы кезде Димаштың әні қойылғаны да байқалады.

 

Өз кезегінде мұндай көрініске куә болған әлем жұртшылығы қытайлық фанаттардың идеясына таңдай қағып, жоғары баға беріп жатыр.

«Кремет, қандай құрмет. Димаш осындай сыйға лайық. Әлі де асқақтай бер», «Қытайлық фанаттар, сіздерге тәнті болдым. Димашқа деген құрметтеріңіз бен махаббаттарыңыз үшін алғыс білдіремін», «Қытайлық жанкүйерлері мақтауға тұрарлық. Махаббатын осылайша көрсету үшін көп шығынданған сияқты», «Тамаша идея. Сөзсіз әдемі көрініс. Димаш үшін мен қуанып отырмын», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар