Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заттыбек: Рахаттанып демалу үшін шет елге бару шарт емес

Заттыбек Көпбосынұлы өз елінде ғана демалатынын айтып, жұртты отандық туризімді қолдауға шақырды.

IMG_2150-kopiya

Фото: zattybek.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Заттыбек Көпбосынұлы 400-дей жетімге мол дастархан жайып, оларға тегін концерт қойып берген болатын. Енді міне әнші отандық туризімді дамыту үшін өз елімізде ғана демалуға шақырды. Мұнымен қатар, әріптесі Абай Бегей екеуінің елдегі демалысының қалай өткенін баяндап берді.

“Рахаттанып демалу үшін шет елге бару шарт емес. Ол жақтағы күн де, теңіз де, құм да, балық та бәрі-бәрі біздің елде бар. Отандық туризмді дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар емес, адамның патриоттығы керек сияқты. Бір тамшы тамса да, өз жерімізге тамсын деген ұстанымдағы әр азамат – ішкі туризмді дамытушы.

Әрине, шетел көрген жақсы ғой. Бірақ өз еліңнің туризімін дамытуға атсалысу одан да жақсы. Бүгін сөзден іске көшіп, Орал қаласы Дариян ауылының тамаша табиғатын көріп, тамсанып қайттық. Шіркін-ай, осындай көрікті жерлер кеңінен насихатталса, ешкім шетелге демалысқа кетпес пе еді, кім білсін?!” – дейді Заттыбек Көпбосынұлы.

13725750_311399822542093_4758530_n

“Жарайсың! Отанын жақсы көретін нағыз патриот екенің байқалады. Өзгелері Түркия, Испания, Болғар, Италия сынды мемлекеттерде түскен суреттерін жібергеннен өзге ешнәрсе білмейді. Дәл қазір елде дағдарыс болып жатқандықтан, отандық өнімдерге қолдау көрсетуіміз керек. Алдыңызда басымды иемін”,

“Керемет! Демалысың сәтті өтсін! Мен ауылда демалып жатырмын”, “Иә, табиғаты тамаша! Өзіміз іргесінде тұрсақ та, жылына бір рет қана барамыз”, “Заттыбек аға, қайықтың үстінде домбырамен түссеңіз қатып кететін еді”, “Заттыбек аға, әйеліңіз екеуіңіздің қарапайымдылықтарыңызға тамсанамын. Бүгін бір жұмыспен хабарласқан едім, жақсы сөйлестіңіздер. Әйтпесе, телефоннан кекіріп сөйлетін түрлі адамдар бар ғой” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Тұрсынов: Қайрат Нұртас пен Заттыбектің әнін зал толы маймылдар тыңдайды

Жұрт Заттыбектің сарайдай үйін көріп таң қалды (видео)

Әнші Заттыбек Көпбосынов химия пәнінен сабақ беріп жүр

Заттыбек Көпбосынұлы дүкенін намазхана етіп, халыққа сыйлады (фото)

Талқылау