Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заттыбек Көпбосынұлы тілекші елге алғыс айтып, көзіне жас алып қалды (видео)

Жақында ұлды болып, 18 жыл күткен бақытына қол жеткізген Заттыбек Көпбосынұлы халыққа алғыс айтты. Ол жүрген жерінде өзіне тілекші болып, ақ батасын берген қалың көпшілікке ризашылығын білдірді.

Заттыбек Көпбосынұлы тілекші елге алғыс айтып, көзіне жас алып қалды (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Үйленгенімізге 18 жыл болды. Алла Тағала 10 жылдан кейін қыз берді, Аллаға шүкір. Енді ол қыз да 7-ге таяп қалды. Одан кейін арасы міне, 6 жыл. Бұл енді тілмен айтып жеткізу қиын. Бәріне ризамын, Аллаға мың да бір шүкір. Алладан сұрадық, менімен бірге ел де тіледі. Қай жерге бармайын, қай халықтың жақсылығында болмайын, бәрі де батасын беріп, тілеуін тілеп жатты. Мың да бір шүкір. Кеше ұлды болдым дегенде ел менімен бірге қуанып жатыр. Мені танымайтын қаймана қазақтың өзі тілеуін білдіріп жатыр. Бұл, әрине, мен үшін бақыт. Сіздерге де рақмет. Қатты толқып тұрмын”, – деген Заттыбек көзіне жас алып қалды.

Әншінің көптен күткен атұстарының есімі – Бихан. Бұлай деп үйдің тұңғышы Айзере атапты. Ал Заттыбек қызының өтінішін аяқсыз қалдыра алмаған.

“Сүйіншілеп хабар келген кезде салмағын сұрауды ұмытып кетіппін. Ең бастысы, аман-есен босанды дегенде қуанып, жүрегіміз жарыла беріпті. Ал енді салмағын кейін елдер сұраған кезде барып сұрадым ғой. Аллаға шүкір, 4-тен жоғары”, – дейді Заттыбек.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Anna Danchenko (@ann_2905)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау