Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заттыбек Көпбосынұлы екінші концертін өткізуге дайындалып жатыр

Қазақ эстрадасының “ақ маржаны” Заттыбек Көпбосынұлы күн-түн демей жеке шығармашылық кешіне дайындалып жатыр.

 

Бұл туралы 31 арна  хабарлайды.

Халық алдында «қақиып тұрып ән айтпаймын» деген әнші, сахнадағы әрбір би қимылдарын, әр жүрісін үйреніп жатыр.

Әнші өзге әріптестері сынды жылына бірнеше концерт өткізуден аулақ. Өйткені, өзін ел алдына сағындырып шыққанды қалайды екен.

“Бір жыл мен екінші жыл арасындағы жасаған жұмысымыз халыққа толық сіңіріп, үлгереміз бе, үлгермейміз бе, әлі де шығарған әндерің орын тауып қабылдап жатса, нұр үстіне нұр, оның өзі де үлкен жауапкершілікті талап етеді”, – дейді әнші.

Заттыбектің ән әлемінде жүргеніне  биыл 20 жыл. Әншіні танымал еткен «Ақ маржан» әнін орындап жүргенінен де біраз жыл болыпты.

Тойда “Ақ маржан” арқылы көп сұранысқи ие болатын Заттыбектің осы әні оның біраз қалтасын да қампайтқаны жасырын емес. Әрі кейбір әріптестерінен оқ бойы озық тұрғаны да сондықтан болар.

Араға жеті жыл салып әнші Алматы төрінде 3000 көрермен сыятын Республика Сарайында осымен екінші рет жеке кешін бермек. Әрине, Заттыбекте қобалжу да, қорқыныш та, уайым да жоқ емес екен.

«Екі ғасыр бір ғұмыр» атты концертінің атауына былай жауап қатты.

“Екі ғасыр тоғысын көрген адамдармыз. Біраз, шығармашылығымызда екі ғасырдың тоғысында өмір сүріп жатқан адамдармыз”, – дейді Көпбсынұлы.

Кеш барысында Заттыбек хит әндерінен бөлек “Қазақ батырлары”, “Астана-Шымкент”, “Ән-сыңарым» атты жаңа әндерін халыққа паш етпек.

Концертте бас-аяғы 33 ән шырқалып, 2 жарым сағатқа созылады.

Жіберіп алмаңыз:

“Мисс Қазақстан” байқауының қатысушылары: еліміздің ең сұлуы аруы атағына кім лайық (фото)

Әли Оқапов үйленетінін естірткен кезде анасының не дегенін айтып бердіАша Матай әкесінің арқасында жұлдыз болғанын мойындады

Талқылау