Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заттыбек 400-дей жетімге мол дастархан жайып, тегін концерт қойып берді (фото)

Заттыбек Көпбосынұлы жетімдер үйінде қонақта болып, 400-дей балаға мол дастархан жайып, оларға тегін концерт қойып берді.

000

Фото: instagram.com/zattybek/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазақстандық жұлдыздардың бірі жасаған қайырымдылықтарын құпия ұстауды жөн көрсе, екіншілері мұндай қуаныштарын желіде бөлісуге асығады. Олардың қатарында әнші Сәкен Майғазиев, Заттыбек Көпбосынов сынды жұлдыздар бар. Жуырда Заттыбек есік алдындағы дүкенінен намазхана жасап, оны көршілеріне тарту еткен болатын. Енді міне әнші жетімдер үйінде қонақта болып, оларға тегін концерт қойып берді. Мұнымен қатар, 400-дей балаға арналған мол дастархан жайған-ды.

“Машатта демалып жатқан 400-ге жуық балалардың көңілін көтеріп, кеше Шымкенттегі інілеріммен бірге дастархан жайып, концерт беріп қайттық. Жүзіміз күліп тұрса да, жүрегіміз жылап тұрды. Тәп-тәтті балапандарын тастап кеткен адамдар қалай жер басып жүр екен?! Балапандардың қолымды ұстап, жібермей “Аға, кетпеңізші.

13694838_1172433419465932_1750898439_n

Бізбен бірге болыңызшы, тағы да ән айтайықшы, енді қашан келесіз” дегені көзге еріксіз жас келтірді. Енді жиі барып, әңгімелесіп, сырласып тұратын орта таптым. Ол – балалар үйі. Балапандар ауырмасын, өссін, өнсін! Осы елдің ең беделді де мәртебелі тұлғасына айналсын!” – дейді Заттыбек Көпбосынов.

Жұрт әншінің мұндай жомарттығына қайран қалды. “Жарайсыз! Алла разы болсын!”, “Жақсылығыңыз Алладан қайтсын!”, “Сізге Алланың нұры жаусын, балапандарға Алла жар болсын!”, “Зәке, атыңа затың сай жігітсің! Алладан қайтсын! Балалар бір жасап қалған екен. Еріксіз көзге жас келеді”, “Бұл өмірде балалардың күлкісінен артық ешнәрсе жоқ қой” дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Тұрсынов: Қайрат Нұртас пен Заттыбектің әнін зал толы маймылдар тыңдайды

Жұрт Заттыбектің сарайдай үйін көріп таң қалды (видео)

Әнші Заттыбек Көпбосынов химия пәнінен сабақ беріп жүр

Заттыбек Көпбосынұлы дүкенін намазхана етіп, халыққа сыйлады (фото)

Талқылау