Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зарина Омарова сүйіктісінің 80 мың долларлық көлік сыйлағанын айтып мақтанды

Әнші Зарина Омарова жолдасының үнемі өзіне демеушілік етіп, бейнебаянын түсіруге көмектесетінін айтты. Бұдан өзге жуырда жолдасының өзіне құны 80 мың АҚШ доллары тұратын көлік сыйлағанын айтып мақтанды.

13651714_240196736374865_497714413_n

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Алматыдан Ақтөбеге қоныс аударған Зарина өнерден кете алмады. Ол араға 8 жыл салып қайта оралды. Соңғы екі жыл ішінде 2 бейнебаян түсіріп те үлгерді. Әнші соңғы жаңалықтарын бөлісе отырып жолдасының қымбат көлік сыйлағанын жеткізді.

“Соңғы екі жыл ішінде екі жаңа бейнебаян түсірдім. Әннің сөздерін інім Аян жазған болатын. Ал оны түсіруге жолдасым көмектесті. Бейнебаяндардың құны қанша болғанын ашып айта алмаймын. Шамамен, Алматының қақ ортасындағы бір пәтердің ақшасы кеткен шығар”, – дейді әнші.

Заринаның демеушісі – құдай қосқан қосағы. Ол келіншегі үшін ешнәрседен аянып қалмайды екен. Тіпті, жуырда қымбат көлік сыйлаған.

“Өзім үлкен көліктерді жақсы көремін. Кішкене көліктер мені жеңілтек етіп көрсететін сияқты. Мақтанғаным емес. Бірақ, расымен, үлкен көліктерді ғана ұнатамын. Бәлкім алғашқы көлігім Волга болғандықтан осылай шығар. Жақында жолдасым жаңа көлік сыйлады. Бұл да мақтанғаным емес. Бар болғаны қуанышымды сіздермен бөліскім келеді. Өзім ашық жарқын адаммын”, – дейді Зарина Омарова. Әншінің жұрттан жасырған сүйіктісі сыйлаған көлік – Tayota Land Cruiser. Бағасы шамамен 80 мың АҚШ долларын құрайды екен.


Жіберіп алмаңыз:

Зарина Омарова жол апаты салдарынан сахнадан алыстағанын айтты

Отандық әншілер сахнада сымбатты көрінудің құпиясымен бөлісті

Қазақ эстрадасында диета ұстайтын жұлдыздар кімдер?

Эстрада жұлдыздары халықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтап ән жазды (видео)

Талқылау