Зарина Омарова жеке кешін өткізуден қорқып жүр

Он жыл көлемінде декреттік демалыста болып, үйде отырған Зарина Омарова шоу-бизнеске қайта тез үйренісіп кеткенін айтады. Бұған дейін бар уақытын балалары мен отбасына арнайтын әнші бұл күндері көбінесе сахнада жүреді. Омарованың жаңа “қызметіне” отбасы мүшелері үйрене алмай жүрген көрінеді.

Зарина Омарова

Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Басында шыққанда қашан сіңіп кетеді екенмін, қашан мені тез қабылдайды екен деген мақсат болған жоқ. Бір-екі ән жазайын, бейнебаян түсірейін, болып жатса бола берсін. Сенімділік деп айтпай-ақ қояйын, бірақ сондай бір сабырлық болды”, – дейді Зарина.

Сабыр түбі сары алтын деген! Шоу-бизнес көшіне қайта ілескен Омароваға қайта сұраныс артқанымен, отбасы мүшелері Заринаның концерттері мен гастрөлдеріне үйрене алмай жүр.

“Жолдасым “біз осылай болады деп ойлаған жоқпыз ғой. Сен байқаймын тез шығып кеттің, тез жарқ ете қалдың” деп айтады. Кішкене балаларым үйрене алмай жүр. Мама қайда кетті? 10 жыл бойы мамамыз қасымызда отыратын еді, қазір енді концерттен концерт”, – дейді өнер иесі.

Небәрі он жеті жасында көрерменнің көңілін баурап, көрермен толы зал жинаған Зарина енді концерт беруден қорқады екен. Себебі жеке кеш беру үшін әлі де көп жұмыс істеу керек деген сенімде.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар