Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зарина Омарова күйеуін ұстап қалу үшін қандай қадамға барғанын айтты

Он жылға жуық декреттік демалыста болған Зарина Омарованың сахнаға қайта оралуына – күйеуінің қатаң талабы себеп болған көрінеді. Өмірлік серігі Заринаның артық салмақтан арылуын өтінген. Тіпті, арықтаған жағдайда, сахнаға шығасың деп уәде берген.

зарина омарова

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Нәтижесінде Зарина 20 келіге жуық салмақ тастаған.

“Жолдасымның кішкене қысылып жүргенін байқадым. Соны байқағаннан кейін стимул болды мен үшін. Өз-өзіме келу үшін. Сосын жолдасым айтты сен өз-өзіңе келсең, мен бәрін жасаймын. Сахнаға шығасың деді. Сөйтіп мен өз сөзімде тұрдым, ол өз сөзінде тұрды”, – дейді Зарина Омарова.

Зарина берген уәдесін орындаған соң, жолдасы да сөзінде тұрған. Ақырында Марат Омаровтың қызы сахнаға қайта шығудың жолдарын қарастыра бастаған.

“Сөйлесе бер, әндеріңді жасай бер. Мен саған бейнебаян түсіріп беремін деп жаңағы… Сол енді соңғы кезде өзім жан-жақты қарап, бәрін тінтіп деген сияқты. Қалай екен қазіргі шоу-бизнес, қалай екен қазіргі біздің әншілер деп бәрін біліп алғаннан кейін, өзім барлығын жасап жатырмын”, – дейді Зарина Омарова.

Бүгінде Зарина Омарова тапқан табысын өз шығынына жұмсап жүр. Ал ірі жобаларға қажетті қаржыны күйеуі көтереді екен. Мысалы, Омарованың жаңа бейнебаянын өмірлік серігі түсіріп берген. Әнбаян “Жақсы көремін” әніне таспаланған. Айтқандай, аталған туындыны Зарина жан-жарына арнаған. Зарина клипте басты рөлді жұбайының сомдағанын қалағанымен, отағасы келіспепті.

“Ең басынан бастап осы ән туылғалы мен айтқанмын: Сен өзің түссең қалай болады деп. Ол жо-жоқ деді. Негізі сұхбат та бермейді мүлдем”, – дейді Зарина Омарова.

Ақырында Зарина бейнебаянға кәсіби білімі бар актерді шақырған.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау