Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зардап шеккендер саны 7-ге жетті: Қостанайда газ жарылып, өрт шықты

Қостанайда газ жарылып, өрт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Екі қабатты ғимараттың тас-талқанын шығарған Қостанайдағы жарылыстың соңы өртке ұласып, жеті адам зардап шеккен. Оған қоса, көлік жөндеу орталығы мен дөнер сататын асхананың күлі ғана қалған. Көліктерге көгілдір отын орнататын бекеттен ақау шықты деп болжануда.

Түскі сағат 12 шамасында болған жарылыс тұрғындардың зәресін алған. Көлікке газ орнататын бекетте болған оқыс оқиға үстіңгі қабаттағы дөнер сату орталығындағы адамдарға да зардабын тигізген. Солардың бірі асхана жұмысшысы Тельман Бабров оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді. 

"Адамдар көмектесті. Оқиға ауық-ауық есімде. Не болғанын түсінбедік. Ғимарат қирап жатты. Аман-есен шығуды ойладық. Қызметкерлерді дер кезінде құтқардық", - дейді зардап шегуші.

Апатқа табиғи газбен жұмыс істейтін құрылғы себеп болған деп болжайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Жарылыстан кейін үйінділердің ішінен өрт тұтанып, тілсіз жау айналаны шарпыған. 

"Бұл бекетте автокөліктерге газ орнатады. Бір кісі көліктегі газымда ақауым бар деп келіпті. Алдын ала болжам бойынша, сол ақаудың кесірінен жарылыс болған", - дейді Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Руслан Орынбек.

Оқиғадан жеті адам зардап шегіп, бесеуі ауруханаға жедел жеткізілді. Екі адам бас жарақатын алып, жансақтау бөлімінде жатқандар бар. Зерттеу нәтижелері бойынша адамдарды екінші және үшінші дәрежелі күйік шалған.

 

Талқылау