Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығы

Stan.kz ақпараттық агенттігі қазақ әдебиеті тарихында аса ірі айтыскер ақын ретінде ойып орын алған тұлға, халықтың мұң-зарын жырлаған зар заман ақындарының бірі Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығы туралы сырт шертеді.

Зар заман ақыны Мұрат Мөңкеұлының өмірбаяны

19 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген көрнекті ақын Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау ауылында дүниеге келген. Жастайынан жетім қалған бала Мұрат ағасының қолында тәрбиеленеді.

Алғашқы білімін ауыл молдасынан алып, сонда араб тілін үйренеді. Бала кезінен бастап өлең жазуды қолға алған Мөңкеұлы өз ортасында «ақын бала» атанып кетеді. Өз заманында Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұзтаздық еткен. 1860 жылы Жылқышы ақынмен кездескен болашақ ақын сол сәттен бастап айтыстарға қатыса бастайды.

Ол 17 жасында Жылқышы ақынмен, 20 жасында Бала Оразбен жиырма бесінде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, шаң қақтырған жеңімпаз атанады. Бұл айтыстар Мұратқа нағыз поэтикалық шеберлік мектебінен өтуге көмектесті. Өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен ерекшеленген Мөңкеұлы әрдайым биіктерден көрінді. Мұрат Мөңкеұлы есімі әдебиет тарихында айтыс өнерінің асқан шебері ретінде ғана емес, сондай-ақ үлкен эпик ақын ретінде де қалды.

Мұрат қазақ  әдебиеті тарихындағы айтулы тұлғалардың бірі, зар заман ақындарының ішіндегі аса белді өкілі. Жас шағында белгілі Есет шешеннен өнеге алады. Ерекше дарын иесі Мұрат Мөңкеұлы халықтың рухани байлығы мен батырлар жырын жатқа біліп өседі. Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Жиембет,  Шалкиіз және тағы басқа да тарихи тұлғалардың шығармалары бізге осы Мұрат ақынның айтуымен жеткенін бірі білсе, бірі білмейді.

Қазақтың ақын ұлы ел тарихын әсерлі де мәнді шығармаға айналдырып, көпке насихаттап кеткен. Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Осылайша, зар заман ақыны атанды. Ата-қонысының  талауға түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алады.

Мұрат өз өлеңдерінде туған жеріне деген сүйіспеншілікті, ерлік пен батылдылықты жырлап, тарихқа бет бұрды. Атап айтқанда, Мөңкеұлы өмірдің өтпелі кезеңі, уақытша әлемнің өзгермелілігі туралы айтады.Мұрат Мөңкеұлының шоқтығы биік шығармасы «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің ісгесі шайқалғанын, адамдардың ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тербентпей қоймады.

Зар заман ақындарының ішінде Мұраттың ерекшелегі ол арғы тарихты да қозғап, үн шертті. Ол ұдайы елдік, ерлік жайын назарда ұстап сөйлеген, шығармашылық ауқымы өте кең мықты тұлғаның бірі. «Үш қиян» толғауы мен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары бір-бірімен үндес. Бұл шығармалардың басты тақырыбы жер дауы, құтты қоныс жайы.

Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Майталман жыршы, термеші ретінде де танылған Мұрат Мөңкеұлы «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелердің авторы.

Ақын өзінің шығармаларында кітап поэзиясының стилін қолданды. Мәселен, «Қыз» поэмасында Мұрат жас сұлудың бейнесін жасайды. «Үш қиян» поэмасында халықтың жағдайын, өз армандары мен жақсы өмірге деген үмітін суреттейді. Бұл шығарманың маңыздылығы онда ақынның идеологиялық қарама-қайшылықтары айқын көрінеді.

Рулық араздықтан және дұшпандықтан арылу мәселесіне қатысты ақын «Сарыарқа» толғауын жазды. Онда Мөңкеұлы қазақтарды өзінің даму жолында ескінің барлық жұғындысын жойып, сыпыруға шақырады. Ал білімді болмайынша елінің өркендей қоймасын түсінген ақын халықты оқу-білімге шақырып, «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңін жазды.

Сондай-ақ, «Қазтуған» поэмасында және «Қарасай-Қазы» қисса-дастанында Мұрат Мөңкеұлы қазақ халқының өткен уақыттағы тарихи оқиғаларын баяндайды. Бұл шығармалар автор өз халқының жалынды патриоттары, туған жерінің батыл және ержүрек қорғаушылары ретінде көрсететін батырларға арналған.

Жалынды ақын өз шығармаларында ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдерді қолдануға тырысады. Сонымен қатар, ақын кейіпкерлерді қалыптастыруда шынайылыққа, нақтылыққа, айқындылыққа ұмтылып, өз ойын жеткізу үшін прогрессивті тәсілдерді қолданды. Мұрат Мөңкеұлы қазақ әдеби тілінің дамуына үлкен үлес қосты.

Ақынның шығармаларында кедейлердің зұлым адамдарға, әсіресе патшалық билікке қарсы наразылықтары айқын көрінеді. Мұрат Мөңкеұлы маңызды мәселелерді көтерді және оларды түсінуге тырысып, жиі өз халқының өткеніне жүгінетін. Сондықтан да оның шығармашылығында өткен мен бүгінгінің арасындағы байланыс айқын көрініп тұрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар