Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістаннан заңсыз дәрі тасыған қазақстандық Алматы әуежайында ұсталды

Үндістаннан заңсыз дәрі-дәрмек партиясын тасымалдаған қазақстандық әйел Алматы әуежайында ұсталды. Бұл туралы Қазақстан ҰҚК шекара қызметі хабарлады.

pimg-173252

Сурет asialive.info

Шекарашылар “Дели-Алматы” бағытында ұшқан 46 жастағы әйелді қолға түсірген.

“Ұсталған адам 135 қорапша шетелдік өндірістің дәрілерін алып келе жатқан. Аталмыш заттар қол жүктерін қарау кезінде табылды”, – делінген хабарламада.

Қазір осы оқиға бойынша тиісті мекемелерге хабарланды.

Талқылау