Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңсыз алма сатқан қария полицейлермен болған оқиғада кінәлі болып шықты

Алматы қалалық ішкі істер департаменті қала тұрғыны Гүлнар Әбішеваның Фейсбукте жариялаған постына қатысты тергеу амалдарын жүргізді. Оқиға куәгері өзінің жазбасында заң қызметкерлерінің бүкіл жұрттың алдында заңсыз алма сатқаны үшін қарияны соққыға жыққандығын, тіпті қолын сындыруға дейін барып, ерсі қылықтар көрсеткендігін айтқан болатын.

jpg

Бұл туралы Алматы қаласы Ішкі істер департаменті хабарлады.

«Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны болып табылатын қариядан түсініктеме алынды. Оның айтуынша, полицейлер тарапынан қызметтерін асыра пайдалану әрекеті байқалмаған. Бұл туралы ол өзінің түсініктемесінде жазған. Сондай-ақ, өзі де ішкі істер департаментінің зейнеткері болғандықтан, полиция қызметкерлерінің атқаруға тиісті міндеттерін жақсы түсінетінін атап өткен», – делінген ІІД мәлімдемесінде.

Қария ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 2-бөлімі 204 тармағына сәйкес тыйым салынған жерде сауда жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жазба авторы полицейлер қарияны ұстаған кезде оның жүрек талмасы ұстағанын, сондай-ақ, дәрісін сұраған қарияның өтінішін аяқсыз қалдырғанын атап өткен. Сонымен қатар, қарт кісіге көмектескісі келген жандардың бәріне қоқан-лоққы көрсеткендерін, дегенмен де қала тұрғындарының қарияның өміріне араша түскендігін хабарлаған еді.

Жіберіп алмаңыз: 

Алматыда полицейлер заңсыз алма сатқан қарияны соққыға жықты (фото)

Полиция жұрт алдында өзіне қол жұмсамақ болған Атыраулықтың әрекетін түсіндірді

ІІД: Жамбыл облысында ұсталған адамның өліміне полиция қызметкерінің кінәсі жоқ

Талқылау