Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңгер “Евразия бірінші арнасынан” моральдық шығын өндіріп ала алмады

Алматыдағы Бостандық аудандық соты “Евразия” арнасына қарсы берілген арызды қанағаттандырмай, кері қайтарды.

57395ca49b6bbScreenshot_1

“Сот “Евразия-ОРТ” телеарнасын сотқа беріп, моральдық өтемақы талап еткен Жұмабековтың өтінішін қанағаттандырған жоқ”, – деп хабарлады Бостандық аудандық сотының судьясы Татьяна Черныш.

Шешіммен келіспеген жағдайда жоғарғы деңгейдегі органдарға шағым білдіруге болады.

Бірінші сот отырысына телеарна өкілдері келген жоқ. Кейінірек, еліміздің әр аймағынан келіп түскен арыз саны 18-ге дейін ұлғайғаны белгілі болды.

Нұрхан Жұмабеков телеарнадағы жер дауына қатысты сюжетті көргеннен кейін, “Евразия+ОРТ” ЖШС үстінен сотқа арыз түсірген. Онда тележүргізуші Аймира Шәукентаева көрермендерге “отанға қарсы қару болмау керектігін” айтып, митингті ұйымдастырушылар елде революция жасағысы келеді дегенді жеткізді дейді. Ол осы сөздер үшін “Қазақстанның бірінші арнасынан” 100 мың теңге талап етіпті.

“Бізде рұқсат етілмеген жиынға келген әр адамның 50-150 доллар аралығында ақша алғаны туралы құпия ақпарат бар. Бұл бизнес”, – дейді Аймира Шәукентаева.

Бұл ақпаратты 13 мамыр күні “Главные новости” бағдарламасынан айтқаннан кейін, интернет қолданушылары да сынға алып, сөккен болатын. Бағдарлама барысында журналистер 24 секундқа созылған сөздерін растайтын құпия камерамен түсірілді делінген “видеосенсацияны” да көрсетті.

Өз кезегінде ақпарат және коммуникация министрі бұл жағдайға қатысты, толық танысып шыққаннан соң түсініктеме береміз деген болатын. Әзірге министрлік тарапынан пікір айтылған жоқ.

Талқылау