Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңгер “Еуразия” арнасын жер мәселесі жайлы митингтен жалған ақпарат таратты деп сотқа берді (видео)

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына қазақстандықтарды отанын сатты деп айыптаған «Еуразия» арнасының қожайыны “Еуразия+ОРТ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үстінен шағым түсті.

57395ca49b6bbScreenshot_1

Бұл туралы Қамшы хабарлайды.

Шағымды аудандық сотқа заңгер Нұрхан Жұмабеков тапсырған. Шағымданушы арнаны жауапқа тартып, өзіне моральдық шығын ретінде телеарна басшылығынан жүз мың теңге өндіріп беруді сұраған.

Естеріңізге салсақ, телеарна журналистері 24 сәуір күні Атырауда, 27 сәуірде Семей мен Ақтөбе қалаларында, ал, 1 мамырда Қызылордада жер саудасына наразылық білдіріп митингке шыққан халықты шетелдік топтардан 50-150 АҚШ доллары көлемінде қаржы алды деп айыптаған болатын. Телеарна ұжымы бұған дәлел ретінде белгісіз азаматтардың ақша таратып жүрген видеосын да көрсетті.

Заңгер ел азаматтарын осы мәселеге бей-жай қарамай, телеарнаны жауапқа тарту үшін күресуге шақырған.

Талқылау