Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңгер: «Әйел бақыты» бағдарламасындағылар құлдықта болған қыздарды сорлатып жіберді

Алтынай Жорабаева дұрыс айтады. Шоу рейтинг үшін бұлар адам өлтіруге дейін барады,-деп жазды  заңгер Айгүл Орынбек.

«Астанаға құлдықтағы қыздармен “Әйел бақытына” барғанымызда қыздарды вокзал түбіндегі бір бөлмелі сасып кеткен пəтерге жайғастырған. Түсірілімнен кейін мен сот процестеріме кеттім.

Кешке қыздардың жағдайын білу үшін Айданаға хабарластым. Қыздар өздерінің аш отырғанын айтты. Дереу жейтін тағамдарын алып пəтерлеріне бардым. Подъезге кіргеннен сасық иіс мүңкіп тұр. Сегіз қыз екі жігіт тар бөлмеде, масаға таланып аш отыр екен.

Бірден бағдарламаға шақырған қызға хабарластым. Телефон көтермеді. Сосын заңгер Айнұр ханымға звондадым. ” Ресейде құлдық көріп сорлап келгендері аздай, енді қазақтардан қорлық көргені қалып еді”- деп айқайладым. Бəрі жауап беруден бас тартты.

Сосын фейсбукке “Бұндай бағдарламаларың құрсын, рейтинг үшін жасалған” деп жазып қыздар мен жігіттерді алып кеттім. Кафеге апарып тамақтандандырып отырған кезде жан жақтан звоноктар түсе бастады. “Постыңызды өшіріңізші “- деген.

Бірақ өшірмедім. Себебі қыздардан продюсердің қоқан лоқы жасағанын естіп одан сайын қатты ашуым келді.

Қыздарды шақырғанда қонақ үй , жол ақыны өзіміз көтереміз деген екен. Қыздардың бəрі ол кезде жұмыссыз бір екеуінің жол ақысын өзім көтерген болатынмын.

Қыздар келген соң “Сасық пəтерге жатпаймыз, бағдарламға түспейміз”- деп шу шығарған. Сонда продюсер “билеттеріңді өткізіп жібереміз жаяу қайтасыңдар”- деп қорқытқан екен.

Бағдарламалары біткен соң қыздардың қарны тоқ па, аш па жұмыстары болмаған. Сасық пəтерге əкеліп тастап пойыз  уақытын күтуді бұйырған.

Қыздарды пойызға өзім шығарып салып мінгізіп жібердім сол түні. Сол кезде білгем Лəйлəнің əңгімесі тек тікелей эфирде əдемі екенін.

Ал шынайы өмірде адамның аузына бір тамшы су тамызуға жарымайтынын.

Əйтпесе түнгі бірге дейін кафеде қыздармен пойыз  күтіп отырдық, келіп қыздардан кешірім сұрап қазақ қызы ретінде қыздардың жанынан табылуы керек еді.

Адамдардың басындағы қайғы біреулерге рейтинг шоу болуы мүмкін, ал мен үшін қазақты қазақ қорлап жатса үлкен қасірет.

Пысы: Бір бірімізді сыйлай білейік. Менің сөздерімді Мəскеуде құлдықта болған барлық қыздар мен жігіттер дəлелдеп береді”,-деп жазды заңгер Айгүл Орынбек.

Оқи отырыңыз:

Сиви Махмудидің күйеуі алғаш рет сұхбат беріп, не себепті елден жасырынып келгенін айтты

Жас жігіттермен билеген Баян Есентаеваны жұрт танымал қалды (видео)

Жүрек айнытатын шоу: Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасын сынап тастады

Өзінің гомосексуалист екенін мойындаған қазақстандық әртістерге сыйлық берілетін болды

Біз де адамбыз: Өнер иелері желіде ойына келгенді жазатындарға жауап берді

 

Талқылау