Заңгер: «Әйел бақыты» бағдарламасындағылар құлдықта болған қыздарды сорлатып жіберді

Бейсенбі, 2 Қараша , 2017 15:08

Алтынай Жорабаева дұрыс айтады. Шоу рейтинг үшін бұлар адам өлтіруге дейін барады,-деп жазды  заңгер Айгүл Орынбек.

«Астанаға құлдықтағы қыздармен “Әйел бақытына” барғанымызда қыздарды вокзал түбіндегі бір бөлмелі сасып кеткен пəтерге жайғастырған. Түсірілімнен кейін мен сот процестеріме кеттім.

Кешке қыздардың жағдайын білу үшін Айданаға хабарластым. Қыздар өздерінің аш отырғанын айтты. Дереу жейтін тағамдарын алып пəтерлеріне бардым. Подъезге кіргеннен сасық иіс мүңкіп тұр. Сегіз қыз екі жігіт тар бөлмеде, масаға таланып аш отыр екен.

Бірден бағдарламаға шақырған қызға хабарластым. Телефон көтермеді. Сосын заңгер Айнұр ханымға звондадым. ” Ресейде құлдық көріп сорлап келгендері аздай, енді қазақтардан қорлық көргені қалып еді”- деп айқайладым. Бəрі жауап беруден бас тартты.

Сосын фейсбукке “Бұндай бағдарламаларың құрсын, рейтинг үшін жасалған” деп жазып қыздар мен жігіттерді алып кеттім. Кафеге апарып тамақтандандырып отырған кезде жан жақтан звоноктар түсе бастады. “Постыңызды өшіріңізші “- деген.

Бірақ өшірмедім. Себебі қыздардан продюсердің қоқан лоқы жасағанын естіп одан сайын қатты ашуым келді.

Қыздарды шақырғанда қонақ үй , жол ақыны өзіміз көтереміз деген екен. Қыздардың бəрі ол кезде жұмыссыз бір екеуінің жол ақысын өзім көтерген болатынмын.

Қыздар келген соң “Сасық пəтерге жатпаймыз, бағдарламға түспейміз”- деп шу шығарған. Сонда продюсер “билеттеріңді өткізіп жібереміз жаяу қайтасыңдар”- деп қорқытқан екен.

Бағдарламалары біткен соң қыздардың қарны тоқ па, аш па жұмыстары болмаған. Сасық пəтерге əкеліп тастап пойыз  уақытын күтуді бұйырған.

Қыздарды пойызға өзім шығарып салып мінгізіп жібердім сол түні. Сол кезде білгем Лəйлəнің əңгімесі тек тікелей эфирде əдемі екенін.

Ал шынайы өмірде адамның аузына бір тамшы су тамызуға жарымайтынын.

Əйтпесе түнгі бірге дейін кафеде қыздармен пойыз  күтіп отырдық, келіп қыздардан кешірім сұрап қазақ қызы ретінде қыздардың жанынан табылуы керек еді.

Адамдардың басындағы қайғы біреулерге рейтинг шоу болуы мүмкін, ал мен үшін қазақты қазақ қорлап жатса үлкен қасірет.

Пысы: Бір бірімізді сыйлай білейік. Менің сөздерімді Мəскеуде құлдықта болған барлық қыздар мен жігіттер дəлелдеп береді”,-деп жазды заңгер Айгүл Орынбек.

Оқи отырыңыз:

Сиви Махмудидің күйеуі алғаш рет сұхбат беріп, не себепті елден жасырынып келгенін айтты

Жас жігіттермен билеген Баян Есентаеваны жұрт танымал қалды (видео)

Жүрек айнытатын шоу: Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасын сынап тастады

Өзінің гомосексуалист екенін мойындаған қазақстандық әртістерге сыйлық берілетін болды

Біз де адамбыз: Өнер иелері желіде ойына келгенді жазатындарға жауап берді

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Anonymous says:

    Лəйла ешқайда кеткен жоқ. Осы жерде ғой. Тек юағдарламаның өзгергені болмаса.

  • Anonymous says:

    Өзі жоқтың көзі жоқ дегендей, Лəйля жоқ болып еді неше тұрліні айтып жатыр. Осыны неге сол бағдарлама болып жатқанда бетіне баспаған. Қазақтың əдеті артынан сөйлейтіні қалмайды

    • Anonymous says:

      Бағдарламаның үстінде қалай айтады, егер ол кезде Ләйлә ханым жымын білдірмесе? Автор әнықтап тұрып айтып отыр, сөздерін қиянат көріп келіп отырған ұл-қыздардың дәлелдейтінін… Расымен де, қиянат болған екен… Халық өнерін аса жақсы бағалайтын Алтынайды хабарға алдап шақырып, қыздарының, елдің алдында ыңғайсыздыққа қалдырғаны ше!? Халық соқыр немесе сауатсыз емес… Жалпы, осындай пайдасы жоқ “нәрселер” жабылганы дұрыс болар еді. Олардың орнына латын әліпбиін үйрететін сабақтар жүргізілгені дұрыс, 1 сабақты 2-3 мезгіл қайталап.

    • Anonymous says:

      Да правда. Когда нет глаза колит.
      Ей на всё это поф…она свою денишки на пиар взяла

  • Anonymous says:

    “Əйел бақыты” бағдарламасын бұрын тастамай көретінмін. Бір күні жұмыссыздық туралы көрсеткенде, мен бір оқушымды танып қалдым. Ол əлі студент, бірақ оны оқу бітіріп,жұмыс таба алмай жүрген адам ретінде көрсетті. Дереу мен хабарласып айтып едім ,телефонды қоя салды. Ол бағдарламаның өтірік екенін білдім. Сонымен бірге жүргізушінің маған даусы ұнамайтын. Ал əлгі қыздарға обал болған екен. Алла көріп тұр ғой бəрін.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар