Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заң білмейді: көлігін автобус аялдамасына қойған астаналық прокурор елді шулатты (видео)

Астаналық прокурор автокөлігін автобус аялдамасына қойып, елді шулатты. Заң қызметкерінің заңсыз әрекетін “Азаматтық патруль” қозғалысының мүшелері видеоға түсіріп, желіге жүктеген.

астаналык прокурор

“Заң бұзушы прокурор әлде оған бәрі бола ма? Автобус аялдамасына қымсынбастан көлігін қойып кеткен жүргізушіні түсіріп алмақ болдым. Ал оның жанына прокурордың киімін киген адам келді”, – делінген қозғалыс парақшасында.

Желі қолданушалары заң қызметкерінің әрекетіне ашуланды.

Аз уақыттан кейін бұл ақпарат Астана прокуратурасына жетті. Олар жұрттың шағымына жауап берді.

Сонымен, жұрттың ашуына тиген прокурор әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды. Әзірге заң қызметкеріне кесілетін жаза нақтыланбаған көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда жағажайда жыныстық қатынасқа түскен жұп қамауға алынды

ОҚО-да өзінің 4 жасар ұлын буындырып өлтірмек болған әйелге сот үкімі шықты

Үш баласы мен күйеуінен айырылып қалған әйел мүгедек қызымен жоқшылықта өмір сүріп жатыр

Алматыда 7 баласын жетектеген батыр ана бас сауғалайтын жер таппай, қаңғып жүр (фото)

Талқылау