Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Заманымыздың нағыз батыры»: Білім министрі өртке оранған пәтерден үш баланы алып шыққан студентті марапаттады

Елордадағы Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 2-курс студенті Нұрсұлтан Смағұлов қаладағы көпқабатты үйлердің бірі өртенген кезде ерлік танытқан. Ол үш баланың өмірін құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Заманымыздың нағыз батыры»: Білім министрі өртке оранған пәтерден үш баланы алып шыққан студентті марапаттады

Ерлік танытқан студентті марапаттаған Күләш Шәмшидинова «өз өмірін қатерге тігіп, қиын жағдайда қалған адамдарға көмекке асығатын жастардың мақтауға тұрарлық» екенін атап өтті. 

«Әрине, осындай батыл да ержүрек баланы өсіріп, тәрбиелеген Нұрсұлтанның ата-анасына алғыс айтқымыз келеді. Осындай жігерлі балалардың қалыптасуы барысында мектеп пен білім ордаларындағы ұстаздардың атқаратын рөлі орасан. Біздің ортақ мақсатымыз – өскелең ұрпақтың күшті, жігерлі, батыл болып өсуіне барынша қолымыздан келгенше әрекет ету. Нұрсұлтан сияқты жастар – біздің заманымыздың нағыз батырлары», - дейді Шәмшидинова.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордадағы Бейбітшілік көшесінде көпқабатты тұрғын үй өртенген еді. Сол күні Нұрсұлтан достарымен астаналық саябақтардың бірінде серуендеп жүрген. Адамдардың шулап жатқанын естіген балалар оқиға орын алған жерге достарымен тез жетеді. Сол кезде олар үйдің екінші қабатынан ер адамның көмекке шақырып жатқанын естиді. Нұрсұлтан еш кідірместен төменде орналасқан дүкеннің шатыры арқылы үйдің екінші қабатына көтеріліп, үйдің терезесін сындырып, үш баланы өртке оранған пәтерден алып шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтерде қалған тағы бір кішкентай бөбек пен отағасының өмірін арашалап қалды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр