Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заманбек Нұрқаділов Мақпал Жүнісоваға бірнеше бизнес ашып бермек болған

Өнерде жүрген әртістердің көпшілігі жеке бизнеспен айналысады. Қосымша табыс көзі ретінде әншілердің бірі сұлулық салонын, енді бірі жиһаз сататын дүкен, тағы бірі мейрамхана ашып алған. Ал Мақпал Жүнісова кәсіп деген әлемнен аулақпын, дейді.

Заманбек Нұрқаділов Мақпал Жүнісоваға бірнеше бизнес ашып бермек болған

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Халық артисіне кезінде марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділов бірнеше бизнес ашып бермек болыпты.

“Менің қолымнан келмейді-ау. Жалпы кезінде сондай ұсыныстар болған. Марқұм күйеуім Зәкең бизнес я болмаса мейрамхана ашып берейін, деп айтқан. Сұлулық салонын да ашып бергісі келген. Бірақ мен өзім көнген жоқпын. Жалпы мен ән айтқанды ғана жақсы көретін адаммын. Енді әркім өзінше ғой”, – дейді Жүнісова журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында.

Мақпал ханымның бизнеске бет бұрмауының тағы бір себебі бар. Қазақтың ерке қызы ақша жинауды білмеймін деп отыр. Бір жағынан, көк қағазды көрге алып кетпейтін болғандықтан, ол туған-туыстарына көмек қолын аямайды екен.

“Менің қолымнан да келмейді, ақша ұстауды да білмеймін. Маңдай теріммен ақша табамын, бірақ шашып жіберетін әдетім бар. Ол дұрыс емес деп айтып жатады маған. Шешем де, туған-туыстарым да. Ақша жина, дейді. Алла Тағала маған жинатқызбай жатыр. Қазірше солай. Мен сол жан-жағымдағы адамдар, туысқандарым өзім сияқты жақсы өмір сүрсе екен деймін. Мен сияқты олар да нанның екі жағына май жағып жесе екен деймін”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау