Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заманауи қыз қуу: Алматы бойжеткендері түнгі авто-жарыстарға қатысуда

Заманауи қыз қуу! Қызды қуып жет те онымен төсектес бол. Ал егер «темір тұлпарыңмен» оған жете алмасаң, алдын ала келісілген соманы төлеуге тиіссің. Алматылық көлік тізгіншілері халықтық қыз қуу ойынының ережерелерін өзгертті.

8a80be601037ee584821043028e68b18

Түнгі уақытта жоғары жылдамдықпен Алматы көшелеремін зуылдайтындар тұрғындарға ұнамай жүр. Полицейлердің айтуынша, авто-бұзақылардың басым бөлігі – жастар. Ішімдік ішпесе де, есірткі тұтынбаса да, олар жоғары жылдамдықпен жүргенді ұнатады. Тек ондайлар өрт сөндіруге не науқасқа жедел көмек көрсету үшін асықпайды. Ендеше экстремалдардың өздерінің және жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп туғызуына не себеп? Бар мәселе – заманауи қыз қуу ойынында. Қауіп-қатерге толы бұл ойынды Шума атымен танымал авто-бұзақы ойлап тапқан, деп хабарлады Экспресс-К.

«Алғашқыда түнгі тұлпар жарысына тек жігіттер қатысатын. Тіпті, қыздарды көрермен ретінде де қабылдау қатаң түрде тыйым салынған. Олар құр байбалам салады. Бір жолы жарысқа қатысу үшін сырт келбеті өте тартымды бір әйел келді, біз одан көзімізді ала алмадық. Ережеге сәйкес, біз оның бетін кері қайтардық. Бірақ ол өзін қуып жеткен адаммен төсектес болатынын, ал жете алмаған жігіт 100 доллар төлейтінін мәлімдеді. Жігіттердің көздері оттай жайнай түсті. Олардың бәрі әйелді қуып жетететіндеріне сенімді болды. Бірақ бикеш сол түні алты айналымда жеңіске жетті. Бізге қолын бұлғап, өз жөнімен кете барды. Одан кейін біз ол әйелді екі апта бойы күттік. Шыны керек, авто-жарысқа құмарлар «Формула-1» бұлай күтпейтін шығар. Амазонкамыз қайта оралғанда бәріміз оны қоршап алдық. Сол сәттегі құмарлықты сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Сол сәтте біреу келіп, осы қызды қуып жетсең, жаныңды аламын десе де ойланбастан келісер едім. Ол жігіттердің ішінен өзіне ұнаған бесеуін таңдап алды. Бұл жолы үшінші айналымға келгенде ол жеңілді. Шыны керек, әйел сөзінде тұрмайтын шығар деп ойладық. Бірақ керісінше, жеңіске жеткен жігітті ол өзімен бірге ертіп кетті», – дейді Шума.

– Одан кейін оны көрмедіңіздер ме?

– Неге көрмейміз? Ара-тұра келіп тұрады. Анда-санда жеңілсе де, табар табысы мол.

– Авто қыз қуу жарысының ережелерімен танысқан қыздар мұны қалай қабылдайды?

– Әрқалай. Кейбіреулер бірден бас тартады, ал енді біреулер үшін ерекше ережелі жарысқа қуана қуана қатысады. Әдетте бағаны қыздар қояды, ал жігіттер оның сай келу-келмеуін шешеді.

– Ал «дәл мына бір жігітпен жарыспаймын» деп айтқан қыздар болды ма?

– Бұл сізге танысу клубы емес. Ұнаса да, ұнамаса да, сенің шартыңа келіскен жігітпен жарысуыңа тура келеді. Кері жағдайда, бикеш өзі айтқан сома көлемінде айыппұл төлейді.

– Бұл ойындарыңыз адам өміріне қауіп төндіретінін білетін шығарсыздар?! Сіздер адам қағып не көлік апатына ұшырауларыңыз мүмкін ғой…

– Құдайға шүкір, бүгінге дейін ондай ештеңе де болған жоқ. Бірнеше рет көлік жолдан шығып кеткен. Алайда ешкім зардап шеккен жоқ. Ең әккі сайыскерлер қала көшелерімен жүргенді ұнатады. Мұндай бәйгенің құны тым жоғары. Келген айппұлдарды көргенде төбе шашымыз тік тұратын кездер де болады. Ал өзім қала сыртындағы трассаларда жүргенді ұнатамын. Түнде ол жақта тыныш әрі бағдаршамдар да жоқ. Жалпы, қауіп деген түсініктің өзі әртүрлі мағына береді ғой. Ертеңгі күні не болатынын ешкім де болжай алмайды. Егер жол апатында мерт болу маңдайына жазылса – одан ешкім де қашып құтыла алмайды.

– Экстремалды сэкс командаларыңызда неше бойжеткен бар?

– Тұрақты қатысушылар бесеу. Ара-тұра қосылып тұратындар бар. Мысалы, жуырда ғана астаналық бойжеткен алғаш рет авто-жарысқа қатысты. Екі айналым жүріп өтті, екеуінде де жеңілді. Қайтып келетінін айтты. Күтудеміз. Оқырмандар бізді «ақымақ» дейтін шығар, алайда өзгенің пікірі мен үшін маңызды емес. Жарысатынбыз, жарыса да береміз! Себебі олжа тым еліктірерлік (күліп)!

Полина Белова

Жіберіп алмаңыз: 

Халық тарихы: қазақта қыздың көңілін табу қалай бағаланды

Таразда кезекті той кортежі жұртты шошытты (видео)

Той кортежінде күйеу жігіт көлік үстіне шығып алып цирктік шоу көрсетті (видео)

Алматыда тәртіпке бағынбаған той кортежінің жүргізушілеріне айыппұл салынды (фото)

Талқылау